Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. 80 жастағы қазақсандық Салтанат Түйтебаев Африкада өткен марафонға қатысты. Елге аман оралған ардагер спортшыны Астана әуежайында жерлестері салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды спорт министрлігі.
Салтанат Түйтебаев Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен халықаралық марафонға қатысты.
"Жарыс барысында жарақат алғанына қарамастан, елордалық спортшы толық марафон қашықтығын — 42,2 шақырымды сәтті еңсеріп, қайсарлықтың, төзімділіктің және спортқа деген адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті", - дейді министрлік.
Салтанат Түйтебаев — белсенді өмір салты мен бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып жүрген жарқын тұлға. Былтыр ол Нью-Йорк марафонында 80–89 жас санатында чемпион атанып, жарысты 4 сағат 45 минутта аяқтаған. Ал 2021 жылы 75–79 жас санатында күміс жүлдеге ие болды.
Салтанатты қарсы алу рәсіміне спорт саласының өкілдері, спорт ардагерлері, спортшының туған-туыстары мен жақындары қатысты.
© Photo : ҚР Туризм және спорт министрлігі80 жастағы Салтанат Түйтебаев Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен марафонға қатысты
80 жастағы Салтанат Түйтебаев Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өткен марафонға қатысты
© Photo : ҚР Туризм және спорт министрлігі