Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әнші Мадина Сәдуақасова оқырмандарына жаңа киім үлгісін көрсетіп, пікірін сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әншінің айтуынша, командасында жаңа стилист келіп, образын өзгерткен. Өнер иесі жаңа образдағы суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
– Командама жаңа стилист келді. Ол Мадина Сәдуақасованы осылай көреді екен. Бірден айтыңыздаршы, қалыпты ма әлде біртүрлі ме? Мұндай стильмен жүруге әлі үйренуім керек, бірақ өзіме ұнап тұр, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің жаңа стиліне қатысты түрлі пікір білдірген. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі қара түс жараспайтынын айтқан.
«Тамаша стиль!», «Мадина, сізге бәрі жарасады», «Жарасады, бірақ бір ашық түсті қосу керек сияқты», «Осындай киіну үшін стилист қажет пе?», «Қара түс сізге жараспайды», деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.