Жаратқанға сансыз шүкір: Ерке Есмахан мен Raim ның шаңырақ көтергеніне үш жыл

16.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгін – танымал әнші Ерке Есмахан мен  Raim-ның отбасы құрғанына үш жыл. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Аikyn.kz

Қуанышымен бөліскен әнші бірнеше отбасылық фотосын жариялады. 

– Раим екеуміздің шаңырақ көтергенімізге үш жыл болып қалды. Сол үш жылдың жемісі, міне, осы суреттерде. Алла бағымызды еселеп, қол жайып тілегенімізді молынан нәсіп етіп жатыр. Жаратқанға сансыз шүкір айтамыз. Бақытты болыңыздар! Біздің отбасымызға тілекші, кең пейіл, ақ жүрек оқырмандарым, – деп жазды әнші әлеуметтік желіде. 

Желі қолданушылары өнерлі отбасына  “Балаларың аман болсын”, “Енді қыз туып ал”, “Батырлардың ұрпағын көбейте бер” деген ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью