Жаратылыстану математика пәндері бойынша Президенттік олимпиада басталды

18.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Министрлік мәліметінше, олимпиаданың мақсаты — математика, физика, химия және биология пәндерінен қабілетті және талантты оқушыларды анықтау, оларды әрі қарай зияткерлік дамытуға және кәсіби бағдарлауға жағдай жасау.  Сонымен қатар, оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету көзделген.

— Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезең — 2025 жылғы 6 қазанда өтті, оған 3544 оқушы қатысты. Ал екінші іріктеу кезеңіне 414 оқушы қатысып, екі кезеңнің нәтижесінде 201 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Финалдық дода 17-21 қараша аралығында жүреді, — деп түсіндірді ведомство.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұған дейін қазақстандық оқушылар Халықаралық олимпиадада сегіз медаль жеңіп алғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью