Жәрдемақы мен зейнетақыны есептеуде жасанды интеллект қолданыла бастады

01.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

– Бүгінде әлеуметтік-еңбек саласындағы 49 мемлекеттік қызметтің 45-і электрондық форматта көрсетіледі, оның 28-і проактивті түрде ұсынылады. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1,4 млн қызмет көрсетілді. Оның 41%-ы электронды, 35%-ы проактивті форматта жүзеге асырылды, - деді ол. 

Вице-министрдің айтуынша, қызмет көрсету жүйесі толық жаңғыртылып жатыр.

– Алдымен қызметтер электрондық форматқа көшірілді, кейін мобильді қосымшаларға енгізілді. Одан соң проактивті қызмет көрсету мен төлемдерді автоматты түрде тағайындау іске қосылды. Енді жасанды интеллект қолдану басталды. Бұл қызмет көрсетуді толық автоматтандырып, азаматтарға ыңғайлы жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді Бахтияр Жазықпаев.

Оның сөзінше, жаңа технологиялар қазірдің өзінде бірқатар бағытта қолданылып жатыр.

– 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, жұмыссыздарды тіркеу және мүгедектікті белгілеу осы тәсіл арқылы жүзеге асырылды. Ал 2026 жылы зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, қандас мәртебесін беру және жұмыспен қамту шараларына жолдау кезінде қолданылады, - деді ол.

Сонымен қатар вице-министр жасанды интеллект негізінде қалыптасатын шешімдер түпкілікті емес екенін атап өтті.

– Бұл шешімдер ұсынымдық сипатта болады және шешім қабылдау сапасы мен объективтілігін арттыру үшін пайдаланылады, - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтердің ашықтығын арттыру үшін дерекқорларды біріктіру бойынша пилоттық жоба бастаған еді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью