Жәрдемақы мөлшері артты

14.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың, базалық, ынтымақты зейнетақылардың барлық түрлерінің мөлшері артты. Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға ұлғайтылды.

Сурет: gov.kz

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министр­лі­гінің мәліметінше, Мемлекет бас­шысының тапсырмасына орай, 2023 жылдан бас­тап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ең жоғарғы зейнетақы мөлшерін 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып жатыр.

Айталық, биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгеге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін артып, 60 005 теңгеге жетті. 2019 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан 70 жастағы зейнеткердің бюджеттен төленетін зейнетақысының мөлшері 2025 жылы 171 588 теңге болды, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге. 2026 жылғы 1 қаң­тардан зейнетақының жалпы сомасы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 60 005, ынтымақты зейнетақы – 132  811 теңгеге жетеді. Бұл  сомаларға БЖЗҚ төлемдері кірмейді.

1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың да мөлшері артады. Мысалы 1, 2, 3 бала туғанда бе­рі­летін жәрдемақы бір реттік 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4, одан да көп бала туғандарға бері­ліп кел­ген  247 716 теңге сомасы 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды. Көп­балалы отбасыларға берілетін жәр­демақы да 10 %-ға артты. Төрт  баласы бар отбасыларға 63 030 теңге­ден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін көбейді. Сонымен қатар I топтағы мүгедектігі бар адам­дарға арналған жәрдемақы 101 702 тең­геден 111 872 теңгеге дейін, II топта­ғыларға – 81 362 теңгеден 89 498 тең­геге дейін, III топтағыларға 55 474 тең­геден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.

Асыраушысынан, еңбек ету қабілетінен айрылған жандарға  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін  төлем­дер де 10%-ға артты. Бұл төлем­дер міндетті әлеуметтік сақтан­дыру жүйесіне қатысушылар­ға бюджеттен төленетін мемлекет­­­тік жәрдемақыларға қоса бері­ле­ді. Төлем сомасы кейінгі 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэф­фициенттеріне, асырауын­дағы адамдар санына, міндетті әлеумет­тік сақтандыру жүйесіне қатысу өті­ліне, табысты алмастыруға байланыс­ты есептеледі. 

Соңғы жаңалықтар

14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды

Ауа райы • Бүгін, 00:30

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

Әлем • Кеше

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Кеше

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Қылмыс • Кеше

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Қылмыс • Кеше

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Қоғам • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Жемқорлық • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жастар • Кеше

Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел

Инфрақұрылым • Кеше

Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады

Бизнес • Кеше

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Алматы • Кеше

Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті

Қоғам • Кеше

Шымкенттегі кәсіпорын жылына 50 млн жұп шұлық шығарады

Шымкент • Кеше

Халықаралық көрмеде үздік туындыларымыз таныстырылды

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью