Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазақстанда халық табыс деңгейі мен әл-ауқатына қарай бес топқа бөлінеді. 14 түрлі жәрдемақының мөлшері адамның қай топқа жататынына байланысты болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не өзгертілмек?
Кейінгі жылдары Қазақстанда декреттік төлемдер мен бала күтіміне арналған жәрдемақы мөлшері адамның декретке дейінгі табысына (әдетте ресми жалақының шамамен 40 пайызы) байланысты болды. Жалақы неғұрлым жоғары болса, төлем соғұрлым көп болатын.
Енді бұл тәсіл өзгермек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңға түзетулер дайындады, оған сәйкес қазақстандықтар табысы мен әл-ауқатына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Осылайша, кімге және қаншалықты көмек қажет екені анықталады.
Министрлік мұны жаңа әдістеме деп атап отыр: адамның немесе отбасының қай санатқа жатқызылатынына қарай 14 түрлі жәрдемақының мөлшері белгіленеді.
Олардың ішінде:
Бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы. Бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне арналған жәрдемақы.Еңбекмин Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында бұл көмектің нақты бөлініуін қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылған:
А-дан Е-ге дейінгі бес деңгей"Жоба отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалаудың ашық механизмін енгізуді көздейді, бұл әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті объективті анықтауға және көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді".
Жоба әлеуметтік әл-ауқаттың бес деңгейін енгізеді – олар А, B, C, D және E әріптерімен белгіленеді. Санат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар отбасы және оның табысы туралы мәліметтер бойынша анықталады. Ол үшін Отбасының цифрлық картасы да пайдаланылады.
"Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік-еңбек саласының платформасында іске асырылған, "цифрлық үкімет" платформасы мен мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын деректер негізінде адамдардың (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыруды және оларды әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін аналитикалық шешім", – делінген заң жобасының салыстырмалы кестесінде.
Бұл ретте бұл санаттардың нақты нені білдіретіні және отбасының табысы мен әл-ауқат деңгейі қандай критерийлер бойынша анықталатыны әзірге нақтыланбаған.
Ақпарат ай сайын жаңартылып отыратыны белгілі. Отбасының цифрлық картасынан алынған мәліметтер "Е-макет" жүйесіне әр айдың 25-інде беріледі. Осыдан кейін жүйе жәрдемақы алушының өзекті әл-ауқат деңгейін анықтайды.
Өзгерістерді 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланған.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір пабликтерде Қазақстанда курьер болып қосымша табыс табатын аналарды әлеуметтік төлемдерден айыруы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Еңбек министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарды.
Ведомство бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін ата-аналар бала бір жарым жасқа толғанға дейін республикалық бюджеттен жәрдемақы алатынын еске салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу