Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Жетісу облысы Нұркент ауылында балаларын соққыға жықты деген айыптаумен ұсталған әйелдің екі баласы қазір Талдықорғанда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облысы Нұркент ауылында балаларын соққыға жықты деген айыптаумен ұсталған әйелдің екі баласы қазір Талдықорғанда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жасы төрт және екідегі ұлдар қазір облыс орталығындағы балаларға арналған мекемелердің бірінде.
Бұл туралы Жетісу облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ермек Егiнбаев мәлімдеді.
Балалар омбудсменінің айтуынша, қазіргі уақытта екі бала да қауіпсіз жерде. "Балалар қазір Талдықорғанда, қауіпсіз жағдайда.
Оларға барлық қажетті күтім жасалып отыр: тамақ, ойыншықтар бар. Бүгін өзім барып, екі баламен де кездестім. Жағдайлары жақсы.
Оларға тәрбиешілер мен дәрігерлер, соның ішінде логопед пен психолог та тұрақты түрде бақылау жүргізіп отыр.