7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы табыс тапқан 850-ге жуық блогерден 500 млн теңгеге жуық салық өндірілді.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Комитет өкілініңҚарды айтуынша, 2022–2023 жылдардағы камералдық бақылау нәтижесінде блогерлердің табысты декларацияда толық көрсетпегені анықталған. Ерқанат Шыңберген табыс тек ақша емес, сыйлық пен мүлік те салық салынатын кіріске жататынын атап өтті.
Заңбұзушылық анықталған жағдайда азаматтарға хабарлама жолданып, 30 күн ішінде салық төлеу немесе түсіндірме беру мүмкіндігі қарастырылған.