“Жарқ жарқ еткіштер“ орнатып, қарсы бағытпен жүрген Өскеменде тәртіп бұзушы жазаланды

25.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Өскеменде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 18 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Өскеменде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 18 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Әлеуметтік желілерде жүргізушінің жол ережесін өрескел бұзған сәті бейнеленген видео жарияланды: ол қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа шыққан және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Бұған қоса, қызыл-көк түсті жарықшамдарды заңсыз пайдаланған.

Құқық бұзушының жеке басы жедел анықталып, ол жауапкершілікке тартылды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Шығыс Сақшылары (@eastkazpolice) жариялаған жазба

"Азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды", - деп хабарлады полиция.

Енді қауіпті жүргізуді ұнатқан азаматтың алдағы тағдырын сот шешеді. Полиция ол жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұған дейін ақылы тасжолда мемлекеттік нөмірін жасырмақ болған жүргізуші қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Абай облысында той кортежінің жүргізушілері жазаланды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью