Жартастарға аты жөні мен көлік нөмірін жазып кеткен Маңғыстауда вандал қамауға алынды

12.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Маңғыстау облысында Ыбықты сай шатқалындағы жартастарға өз есімі мен көлік нөмірін жазып кеткен вандал 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында Ыбықты сай шатқалындағы жартастарға өз есімі мен көлік нөмірін жазып кеткен вандал 25 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның Ыбықты сай шатқалындағы жартастарға есімі мен көлік нөмірін жазған видеосы тараған болатын. Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны анықтады. Ол 2005 жылы туған жігіт болып шыққан.

Алдымен ер адамға шатқалдағы жазуларды өшірткізіп, ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылған. Содан кейін іс "процессуалдық шешім қабылдау" үшін сотқа жолданған.

Оқиғаның жалғасы

Екі күннен кейін Ішкі істер министрлігі құқықбұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның 25 тәулікке қамауға алынғанын хабарлады.

"Аталған құқықбұзушылықты жасағаны үшін полиция қызметкерлері Маңғыстаудың 21 жастағы тұрғынын анықтады. Вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу изоляторына жабылды", - деп хабарлады ІІМ.

Қазақстанда вандализм үшін келесі жазалар қолданылуы мүмкін:

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл – бұл 2026 жылы 432 мыңнан 8,6 миллион теңгеге дейінгі сома; қоғамдық жұмыстар; 50 тәулікке дейін қамауға алу; 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью