Жартастарға жазылған тарих

03.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Кеше Алматыда мыңжылдықтардың тұмары іспетті «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрме тұ­сауын кесті. Қай тұрғыдан қарасақ та, бұл бастаманың ұлт жады мен шежіре үшін салмағы саф алтынға пара-пар. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда: «Қазақстан – петроглифтер отаны», дегенді текке айтқан жоқ.

Суретті түсірген – Юрий БЕККЕР

Өйткені жартастардағы жалпы адамзат баласына ортақ баға жетпес байлықтың ең тығыз орналасқан аймағы – Орталық Азияда, сонау Алтайдан Батысқа дейінгі алаптағы тасқа қашалған бейнелердің басым бөлігі Қазақстанда, соның ішінде 200-ден астамы Жетісу өңірінде жатыр. Заманауи көрмедегі ЖИ көмегімен тірілген петроглифтер, заманауи тілдегі көрменің ашылуы бүкіл халқымыз үшін тарихи оқиға десек, әсіре сөз емес.

Сонымен Мәдениет және ақ­парат министрлігінің қолдауы­мен Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығымен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, тамаша көрменің тұсауын кесті.

Бір жағынан бұл көрме «Таңбалы» музей-қорығы мен фотосуретші Владислав Кимнің бірлескен жобасы екенін айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкердің айтуынша, ерекше қызықты жоба кездейсоқ басталған. Қажырлы еңбектің арқасында Таңбалы петроглифтері заманауи өнер мен цифрлық технологиялар арқылы жаңа қырынан жұртшылыққа жол тартты. Көрменің басты қағидасы да сонда – жартастарда қашалған тарихтың түпнұсқасын қорғай отырып, шынайылығы өзіне пара-пар экспонаттар ұсыну болатын.

Қазір Алматыға қойылған, алдағы уақытта Астана қаласына сапар шегетін арт-нысандар көрмеге «бабалар коды» ретінде ұсынылады, ол көне дүниетаным, мифология, табиғат пен ғарыш туралы білімді ұлықтайтын ым, нышан тілі. Ал иммерсивті мультимедиялық шешімдер көрмеге алғашқы келушілерге киелі кеңістік атмосферасын сезінуге мүмкіндік бере алды.

Өйткені көрменің басты мақ­саты да осы – Таңбалы пет­ро­глифтерін жанды мәдени мұра ретінде кеңінен насихаттай отырып, оларды заманауи өнер құралдары арқылы кең аудиторияға жақындату еді.

«Көрмеге ЖИ технологиялары арқылы түпнұсқасындай шынайы, өзгертілмеген экспонаттар қойылды. Және бұл жай ғана көрме емес, үлкен жоба. Осы жобаны жарыққа шығару­ға Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау танытқаннан кейін, оны жүзеге асыруға алты ай бойы дайындалдық. Бес мыңға жуық петроглиф болса да, Таңбалы – Орталық Азия­дағы қайталанбайтын бірегей ескерткіш болғандықтан, оны дәріптеу, танымалдылығын арттыру кезек күттірмейтін іс. Өйткені Таңбалы тас – бабалар коды, ұлттық бренд, мәдени символ болуға таласа алатындықтан, жұмыс жалғаса береді. Алдағы уақытта көрменің ауқымы мен бағдарламасы да байытылады. Келесі көрме мамыр айында елордамыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейін­де өтеді», дейді «Таңбалы» мемле­кеттік тарихи-мәдени және таби­ғи музей-қорығының директоры Бибігүл Дандығараева.

Экспозицияда жартас сурет­терінің фотокартиналары, Таңбалы петроглифтері негізінде жасалған арт-объектілер, сон­дай-ақ жасанды интеллект қолданыл­ған мультимедиялық цифрлық технологиялар жиналғандарды елең еткізіп, жұртқа көрме каталогі мен петроглифтер негізінде әзірленген авторлық тәбәріктер сыйға тартылды.

Бабалардан мұраға қалған «тастағы хаттарды» халықпен қайта қауыштыра білген көрменің ашылуына ЮНЕСКО аймақтық өкілдері, шетелдік жартас өнері жөніндегі жетекші мамандар мен Бүкіләлемдік мұра объектілерінің басшылары, отандық археологтер, тарихшылар, этнологтер, мәдениеттанушылар, музей мамандары, салалық білім беру мекемелерімен қатар, бизнес өкілдері де ортақтасты.

Осыдан кейін көрме «Жартас суреттерін витринасыз ұсыну: жартас өнерін таныстыру және оны кеңінен насихаттаудың заманауи тәсілдері» атты халық­аралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.

Көрме және конференция «Таңбалы» музей-қорығын әлемдік деңгейде жартас өнерін зерттеу мен насихаттау орта­лығы ретінде нығайтып, мәдени мұраны сақтау бойынша тұрақты тәжірибелерді қалыптастыруға үлес қосады.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью