Жарылғыш зат бар! : Ақтаудағы сауда орталығында жалған хабар таратқан жасөспірім ұсталды

24.11.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2025 жылдың 25 қазанында  1414  Telegram арнасына Ақтаудағы үлкен сауда ойын-сауық орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскені, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сонымен қатар хабарламада 78 миллион теңге талап етілген.

Жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью