Жарықтар, зең және кәріз иісі: ата аналар Қаскелеңдегі мектепке шағымданды

24.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы облысы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы мектепте жағдай күрделі. Сыныптардың қабырғасы сөгіліп, төбеден сылақ сауылдап тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, сәрсенбі, 23 қыркүйек күні ашынған ата-аналар мектеп табалдырығында бірнеше сағат бойы кезекте тұрған. Білім ошағында мәселелердің қордаланғаны соншалық, жұрт бұдан былай үнсіз қала алмады. Олардың айтуынша, сынып іші сыз тартып, зең басқан, оның үстіне кәріз жүйесінің жағымсыз иісі қолқаны қабады.

"Біз, ересектер, мектеп ғимаратына кіруге қорқамыз. Балаларды айтпаса да болады. Төбесі бастарына құлап кетсе не болады? Әжетханалардың түрін көрдіңіздер ме? Ол жерде бәрі үгітіліп жатыр. Бірінші сынып оқушылары дәретке шығудан қорқып, шыдап жүреді", - дейді жергілікті тұрғын.

Қаладағы Пушкин атындағы орта мектептің ашылғанына жарты ғасырдан асқан. Мұнда екі ауысымда 1100 бала оқиды. Ата-аналардың бірі мектепке бірден бес баласы баратынын және онда түрлі келеңсіздіктер жиі болып тұратынын айтты.

"Есік кептеліп қалып, бала бір сабақ бойы әжетханада қалып қойды. Дене шынықтыру сабағында баланың қолы сынып, мұрны бетімен жырылған жағдай болды. Еденнен шығып тұрған шегеге сүрініп кеткен. Сүрініп жығылып, мұрнымен жер сүргендіктен, мұрны сынып кетті", - дейді әйел.

Ересектердің пікірінше, мұндай жағдайда оқу қауіпті. Олар шенеуніктерден бұл мәселеге назар аударуды сұрайды. Ата-аналарды мектеп басшылығы да қолдап отыр. Олар ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары әлдеқашан қажет болғанын айтады. Осыдан бір жыл бұрын жобалық-сметалық құжаттама дайындалғанымен, қаражат әлі бөлінбеген.

"2025 жылы біз құжаттарды, соның ішінде жобалық-сметалық құжаттаманы дайындадық. Облыстық білім басқармасына өткіздік. Биыл күрделі жөндеуге қаражат бөлінуі тиіс. Содан кейін мектепті жөндеуге жабамыз. Ал балалар уақытша басқа ғимаратта оқиды", - деп түсіндірді Қаскелеңдегі А. Пушкин атындағы орта мектептің директоры Қанат Қоқанов.

Білім басқармасы жобаның құрылыс басқармасына берілгенін растады. Мәселені бұдан әрі сол мекеме қадағалайтын болады, ал балалар мен ересектерден сәл шыдамдылық таныту сұралды.

“Солай болып қалды“: Ақтаудағы НЗМ қызметкер түсірілген видеоны тексеріп жатыр

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью