Жас ғалымдар жаңа пәтерлердің иесі атанды

14.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Президенттің ғылым саласын дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес 14 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды, деп хабарлады ғылым және жоғарғы білім министрлігі.

Бұл бастама дарынды жастарды ынталандыруға және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендия лауреаттарын марапаттау рәсімінде президент атынан жас ғалымдарға баспана сертификаттары салтанатты түрде табысталды.

"Салтанатты жиында жас ғалымдардың отандық ғылымды дамытудағы еңбегі ерекше айтылды. Пәтер иесі атанған ғалымдардың зерттеу бағыты география, балық шаруашылығы, ІТ, физика, химия, ауыл шаруашылығы және өзге де салаларды қамтиды", - деп жазылған хабарламада.

Пәтер сертификатына ие болған жас зерттеушілер ғылыми жобаларға қатысып, беделді басылымдарда еңбектерін жариялап, отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосып келеді.

Айта кетейік, жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұған дейін президенттің атынан ғылыми зерттеушілерге пәтер кілттері табысталған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью