Жас өрендердің жеңісті жолы

03.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Грек-рим күресінен еліміздің құрамасы (2 алтын +1 күміс + 2 қола) жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Жас өрендер Иранды (6 + 1 + 1) ғана алға жіберді. Өзбекстан мен Қырғызстан (1 + 3 + 4) үшінші, төртінші орындарды өзара бөлісті. Балуандарымыздың арасынан Қуанышбек Жаңажол (51 кг) мен Мирас Махамбетке (65 кг) тең келер ешкім табылмады. Бұл  –Қуанышбектің Азия чемпионатындағы үшінші алтыны. Осыған дейін ол Таиланд пен Вьетнамда топ жарған. Сондай-ақ былтыр Грекияда барлық қарсыласын еркін жеңіп, әлем чемпионы атанды. Арыстан Темірғали (110 кг) күміс, Әли Алмас (45 кг) пен Датка Лесбек

(48 кг) қола медальға қол жеткізді. Тағы төрт жерлесіміз жеңіс тұғырына сынық сүйем қалғанда сүрініп, бесінші орынды қанағат тұтты. 

Қыздар жарысында Інжу Баққожа (46 кг) мен Арайлым Көпжасар (53 кг) финалға дейін еш кедергісіз жетті. Бірақ шешуші тұста екеуі де жапондардан ұтылды. Інжу Мио Сасакиге жол берсе, Арайлым Ема Аракавадан айласын асыра алмады. Аянат Мейнамбайға (49 кг) қола медаль бұйырды. Бұрымдылар бәсекесінде Қытай (4 + 1 + 1), Жапония (3 +1 + 3), Үндістан (2 + 3 + 5) үздік шықты. Еліміздің құрамасы (0 + 2 + 1) алтыншы сатыға тұрақтады.

Еркін күрес шеберлерінің сайысында 16 жасар Әділет Рысбай (71 кг) бас жүлдені жеңіп алды. Ол оңтүстіккореялық Сео Джунмин (11:0), қырғызстандық Буйвайсар Мамишаев (11:3), тәжікстандық Ыдырыс Бахромов (10:0), жапониялық Това Дойды (8:1) айқын басымдықпен ұтты. Мардан Орынбасар (60 кг) күміс, Сабыржан Рахатов (51 кг), Темірлан Мұрат (55 кг), Әділбек Ерболатов (80 кг), Нұрислам Айтуған (92 кг) қола медаль алды. Осы көрсеткішпен жерлестеріміз

(1 + 1 + 4) бесінші орынға табан тіреді. Алғашқы үш орынды Иран (4 + 2 + 2), Үндістан (2 + 2 + 3), Өзбекстан (2 + 2 + 2) олжалады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью