Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
«Жас сарбаз» қозғалысының үздік төрағалары марапатталды.
Әскери-патриоттық ұйымның 2025 жылғы қорытынды жиынына еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастар қатысты. Айта кету керек бүгінде «Жас cарбаз» қозғалысы ел аумағында 8 мыңнан астам клубты біріктіріп отыр. Ұйым 300 мыңға жуық өренге патриоттық тәлім-тәрбие сіңіруде. Соңғы жеті жылда ұйым 2 мыңнан астам іс-шара өткізіп, әскери-патриоттық бағыттағы жобаларды дамытып келеді. Шара барысында халықаралық «Айбын» конкурсының жеңімпаздары да марапатталды.
Шекербек Аружан, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы:
- Бүгін Қорғаныс министрлігі тарапынан марапатқа ие болып отырмын. Ол біздің бірлесіп жұмыс атқаруымыздың себебі деп айта аламын. Ең бірінші, қазіргі таңда «Жас cарбаз» қозғалысы адал азаматтарды, саналы ұрпақты, тәуелсіздігін көзінің қарашығындай қорғайтын жас өрендерді тәрбиелеуді басты мақсатымыз деп білеміз.
Самархан Олжас, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
- Қорғаныс министрлігінің атынан марапат алу мен үшін міндет, абырой, ерлік. Мен өзім «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына оқушы ретінде қатысқан болатынмын: 2023 жылы, 2024 жылы Абай облысының атынан. 2024 жылы «Үздік жас сарбаз» атана отырып, Индонезия елінде робототехника бойынша әлемдік додада «Жас cарбаз» атынан жүлделі орын иеленген болатынбыз.