Жас шебер қамшының он бес түрін өреді

29.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Абай облысында 13 жастағы бала қамшы өрудің он бес түрін біледі.  

Жас шебердің арманы қазақтың дәстүрлі өнерін заман талабына сай жаңғыртып, ұлттық мұраға деген құрметті арттыру. Ұлттық қолөнердің қыр-сырын меңгерген оқушы бұл іске қатарластарын да баулып жүр.   

Әлихан Сәлихан бес жасынан атқа мініп, қамшының қасиетін ерте сезінген. Әкесімен былғары илеп, өрімнің сырын ұқты. Алғашқы қамшысын өз қолымен өріп шыққанда бұл іске еңбектің, төзім мен рухтың қажет екенін түсіндім дейді.

Әлихан Сәлихан, оқушы:

- Бірінші қамшым менің тай қамшы болған. Оны өрген кезде көп қиындықтар болды, қателіктер болды соларды қайталамауға тырысамын. Оны үйге іліп қойдым, өз бөлмемнің төріне. Қиындығы тобылғы тесуде болды. Тобылғы қалың мықты ағаш қой. Мақсатым танымал қолөнерші болғым келеді. Біздің жобамыз этнолагерь сияқты үлкен лагерлер ашқым келеді. 

Жас шебер қолөнермен ғана айналыспай, оның шығу тарихы мен ерекшеліктерін зерттеді. Дәстүрлі тәсілдерді қазіргі заман талабына бейімдеді. Арнайы жоба әзірлеп, қазір облыстық сайысқа дайындалу үстінде.

Мұхит Бұршақбаев, жоба жетекшісі: 

- Осы жоба саласында маған өзінің өнерлерін алып келді. Қамшыларын, жүгендерін әкеліп, менің осындай өнерім бар мұғалім деді. Үйде әкеммен бірге өреміз деді. Аттарын бәрін атап айтып берді. Сондықтан Алиханды өнерге жақын болған соң жобаға қатыстырып отырмын.

Әлихан қамшының дойыр, өрме, сегіз өрім, шынжыр баулы, тобылғы сапты секілді он бес түрін жасай алады. Бүгінде ұлттық қолөнерге қатарлас достарын да баулып жүр. 

Әлихан Дәуренұлы, оқушы:

- Мен Әлиханның қасында жүріп қамшы өруді үйреніп жүрмін. Қамшыға менің қызығушылығым арта бастады. Бұрын соңды мен қамшы өруді білмейтінмін. Қамшы өру - ол қазақтың құндылығы.

Мектеп ұжымы жас таланттың бастамасын қолдап, жақында қамшы өру үйірмесін ашуды көздейді. Ал Әлихан танымал қолөнерші болып, жеке шеберхана ашуды армандайды.

Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью