Жас тергеушінің тәжірибесі

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Аға лейтенант жеке аза­маттарға қарсы жасалатын ауыр қылмыстарды тергеумен айналысады. Қызметінің алғашқы күндерінен бас­тап Елнар жоғары жа­уапкершілігімен, тәртібі­мен, мамандығына деген шынайы қызығушылығымен ерекшеленіп келеді.

Елнардың жасы – 24-те. Ресейдің Краснодар өлке­сіндегі Ішкі істер академиясында бес жыл білім алғаннан кейін туған жеріне оралып, екі жыл бұрын қызметін бастап кетті. Аз уақытта әріптестері арасында әбжіл маман ретінде көзге түсті.

– Негізі тергеуші болу дегеніміз қылмыстық іс аясындағы іс-шаралардың барлығына қатысуды біл­діреді. Жедел қызметкер­лер жинаған дәлелдемелерді талдап, азаматтардан жауап алу, істің мән-жайын анықтау, сарапшылармен жұмыс істеу, тағысын тағы толып жатқан міндеттеріміз бар. Жұмыс барысында Қылмыстық-процестік кодекске сүйенеміз. Ондағы белгіленген мерзімдерден аспай, барлығын қалыпты жүргізетін болсақ, қылмыс­тарды ашу әлеміндегі оң өзгерістер азаймайды. Мұны айтып отырғаным, әр тер­геушінің шектеулі уақыты бар. Тіпті қиындап кетсе, оны ұзартуға болады. Бірақ ондай жағдай сирек, – деп бастады әңгімесін жас тергеуші.

Айтуынша, істі тергеу барысында геномды, био­логиялық сараптама­лар тағайындауға ма­ңыз береді. Яғни сот сарап­та­машыларының зерттеу соңынан берген қоры­тындылары тергеу барысына дұрыс бағыт көрсетіп, кейбір қиюы келмей тұрған сұрақтарға жауап табады. Жуықта Елнардың қарауына жаңа туған сәбиін абайсызда өлтіріп алған жас ананың ісі түсіпті. Тергеу барысы психологиялық тұрғыдан жас жігітке ауыр тигенімен, ол сотқа дейінгі процесті сапалы әрі қысқа мерзімде аяқтаған. Сот ана өз баласын аңдаусызда, тәжірибесіздіктен өлтірді деген шешім шығарыпты.

– Кейде бұлтартпас дәлел­дер іздеу қиынға соғады. Күдікті жасаған қылмысын мойындамай, бұлтаққа салады. Мәселен, бір істе жігіт кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспедім деп мойындамады. Жүргізілген биологиялық сараптама ақ-қарасын ажыратып берді. Тек былтыр жарты жыл ішінде 27 істі тер­геп, сотқа жолдадым. Бұл үл­кен жетістік деп ойлаймын. Себебі тергеуші үшін бір айда 3 қылмыстық істі тергеп, аяқтаса, сол – норма. Кейбір сәттерде қылмыстық жазадан қорыққан күдіктілер жасырынып, енді бірі өзге жаққа бой тасалап кетіп жатады. Ондай адамдар қылмысын одан әрі ауырлатып алатынын білгені абзал. Адам өз қолымен жасағанына шын өкініп, барынша аз уақытта мойындаса, сот оны ескереді, – дейді ол.

Қылмысты жасауға көбі­не адамдардың алкоголь­дік ішімдікке сылқия тойып алып, санасы тұманданып әрекет жасауы себеп дейді тергеуші. Бұл қатарда мүлікті заңсыз иелену, тұрмыстық жанжалдар, өзге жанға дене жарақатын салу сияқты қылмыс түрлері жиі тергеліп жатады. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда қылмысты көп жасайтыны да байқалады. Былтыр өзі тергеген 27 істің үшеуі ғана әйелдерге қатысты болған.

Елнардың алғашқы тер­­геген қылмыстық ісі электр самокатының ұрла­нуына қатысты болған екен. Мұндай құқықбұзу­шы­лықтар көп жағдайда елеусіз көрінгенімен, жас тергеуші «бұл іске ерекше жауапкершілікпен қа­радым» дейді. Себебі ол әрбір істің артында нақты адамның құқығы мен заң­ды мүддесі тұрғанын жақ­сы түсінеді. Бұл тәжірибе оның кәсіби ұстанымының қалыптасуына бағыт бер­ген. Тергеушінің азаматтарға деген жа­на­­шырлығы мен мұқият көзқарасы тұрғын­дардың да жоғары бағасына ие.  Жуықта жәбірленушінің бірі оның атына алғыс жолдаған. Ал кәсіби дағдыларын үнемі дамытуына аға буын әріп­тестерінің тәлім-тәрбиесі мен тәжірибесі зор ықпал етіп келеді.

Екі жылдық тәжіри­бе­сінде ондаған істі тергеген Елнар үшін ең бастысы – қылмысты ашу ғана емес, заңдылықтың сақталуына үлес қосу. Оның айтуынша, әр істің артында адам тағдыры тұрғандықтан, тер­геуші жұмысына нем­құрайлы қарауға болмайды.

Павлодар облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью