Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қостанайда облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті. Астықты өңірдің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі жыр додасында 19 бала ақын бақ сынасты.
Жыр сайысының шымылдығын ашып берген облыстық көркемөнерпаздар шығармашылығы орталығының басшысы Дәмір Қалқаев биыл 34-мәрте өтіп жатқан «Жас тұлпардың» тарихына шолу жасап, жас ұрпаққа ұлтық тәрбие беруде аталған жобаның орны бөлек екенін тілге тиек етті.
«Жас тұлпардан» түлеген жастардың көбі – бүгінде осы өңірге өрелі өнерімен, адал еңбегімен танылып жүрген азаматтар. Сонау 1992 жылдан бері үзілмеген дәстүрлі жоба – нағыз өнер мектебі. Бүгін осы айтыстың басы-қасында жүріп, талай жасқа қамқорлық еткен белгілі ақын-сатирик Ғұмар Ахметшин ағамыздың атына арнайы сыйлық тағайындалып отыр. Ол кісі «Жас тұлпардың» қазылар алқасының тұрақты төрағасы, батагөй ақсақалы болып еді. Бүгінгі айтысқа біраздан бері республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген, кәдімгідей төселген тәжірибелі ақындармен қатар, сахнаға бірінші рет шығайын деп тұрған балғын өнерпаздар да қатысып отыр», деді Дәмір Қалқаев.
Айтыстың іріктеу кезеңінде сөз сайыстырған 10 жұп өңір тарихын, Ыбырай, Ахмет, Міржақып, Шоқан сынды біртуар тұлғаларды жырға қосты. Бірінші кезеңде қара үзіп шыққан 2 жұп шешуші кезеңде бақ сынасты.
«Жас тұлпардың» бас жүлдесін Арқалық қаласының жас ақыны Нұрислам Рағат жеңіп алды. Нұрислам соғыс өртінде қалған елдерді мысал ете келіп, бірлік-ынтымақ, берекелі еңбек, бейбіт өмірге жететін ештеңе жоқ екенін жеткізе жырлады. Көрермен залының арт жағындағы бірнеше қатарда Ұлттық ұлан сарбаздары отырған. Жас ақынның ұландарға қарата сөз арнап: «Қалды ғой бейбіт өмір жай түс болып, қырылып әскерлері тал түсте өліп, ал біздің бейбіт елдің сарбаздары, жайбарақат залда отыр айтыс көріп», дегені көпшілік көкейіндегі ойды дөп басқандай болды.
Бірінші орынды торғайлық Таңжарық Ниязбек жеңіп алды. Өзінен 3–4 жас үлкендігі бар ақындармен тең өнер көрсете білген ең жас ақын Нұрболат Айболұлы (Арқалық) екінші орыннан көрінді. Үшінші орын Сарыкөлден келген Нұрислам Оралбайдың еншісіне бұйырды. Ал Қостанайдың жас ақыны Инабат Нағашыбай Ғ.Ахметшин атындағы арнайы сыйлықты алды.
Қостанай облысы
Соңғы жаңалықтар
Астанада «Көктем–2026» шақырылымы жас толымын шығарып салу рәсімі өтті
Қоғам • Бүгін, 20:35
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылды
Спорт • Бүгін, 20:10
С.Аманжолов университеті ғылымды дамытуға ерекше ден қойған
Білім • Бүгін, 19:49
Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде Комор аралдарын жеңді
Футбол • Бүгін, 19:25
Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 18:41
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:24
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:15
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорда • Бүгін, 17:47
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Экономика • Бүгін, 17:30
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 17:12
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Елорда • Бүгін, 17:02
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 16:52
Абай мұрасы мен «Қыз Жібек» операсы: Қазақстан ЮНЕСКО тізіміне қандай жаңа номинацияларды жолдады?
Тарих • Бүгін, 16:45
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Ата заң • Бүгін, 16:42
Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Білім • Бүгін, 16:33