Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады

28.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстанда көлік-логистика саласын цифрландыру аясында шекарадан өту уақытын едәуір қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Фото: Ашық дереккөз

Негізгі жаңашылдық ретінде Smart Cargo цифрлық платформасы енгізіліп жатыр. Жүйе мемлекеттік органдар мен бизнесті біріктіріп, жүк деректеріне QR-код арқылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар құжаттарды автоматты тексеру, маршруттарды құру және қажетті рұқсаттарды анықтау функциялары қарастырылған. Осы шешімнің нәтижесінде шекарадан өту уақыты қазіргі шамамен 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады деп күтіледі.

Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады

«Бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесі е-Көлік қалыптасып жатыр.. Платформа QazTech базасында құрылады және барлық көлік түрлерін біріктіреді. Бұл деректерді жинауға, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді», деп атап өтті министр.
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді

Министрдің сөзінше, теміржол саласында да цифрландыру жобалары қолға алынған. Соның бірі – KinetiX диагностикалық жүйесі. Бұрын вагондарды тексеру қолмен жүргізіліп, 2 сағатқа дейін уақыт алатын болса, қазір жүйе 9 негізгі параметр бойынша автоматты түрде 8 минут ішінде диагностика жасайды. Жасанды интеллект пен бейнеаналитика ақауларды анықтап, деректерді нақты уақыт режимінде өңдеп, есеп береді.

Соңғы жаңалықтар

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Оқиға • Бүгін, 11:01

Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті

Оқиға • Бүгін, 10:50

Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 10:36

Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен

Медицина • Бүгін, 10:33

Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр

Тұлға • Бүгін, 10:30

Тату көршіліктің асыл арқауы

Әлем • Бүгін, 10:25

Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті

Экспорт • Бүгін, 10:20

Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді

Оқиға • Бүгін, 10:11

Перизат Қайраттың қоры арқылы пәтер үлестірмек болған кәсіпкерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Қылмыс • Бүгін, 10:05

Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді

Елорда • Бүгін, 09:51

Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі

Зерде • Бүгін, 09:43

Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:20

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:05

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елорда • Кеше

Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген

Өшпес даңқ • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью