Жасанды интеллект дәуірі: Ұстаз мейірімін технология алмастыра ала ма?

17.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: istockphoto.com

Меніңше, жасанды интеллект – мұғалімнің орнын басатын немесе оны жұмыссыз қалдыратын құрал емес, керісінше, оның ең қуатты көмекшісі. Технология ешқашан адамның ішкі сезімін, шәкіртке деген жылылығын, ұстаздық мейірімі мен тәрбиелік рөлін алмастыра алмайды.

Жасанды интеллект несімен қауіпті?

Жасанды интеллект мәліметтерді өңдеп, есептерді шығарып бергенімен, оқушының талантын танып, оның тұлға болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін – мұғалім.

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

Бүгінгі дәуірдің басты талабына айналған жасанды интеллект отандық білім беру саласына да тың серпін берді. Жаңа технологияның игілігі, ең алдымен, ізденуші шәкірттердің ақпаратты жедел игеруіне, күрделі ғылыми тұжырымдарды қарапайым тілмен түсініп, шетел тілдерін дербес меңгеруіне даңғыл жол ашып отыр. Сонымен қатар бұл жүйе ұлағатты ұстаздар қауымы үшін де таптырмас құралға айналды: сабақ жоспарын жүйелеуде, көрнекі әрі мазмұнды танымдық материалдар дайындауда технологияның берер пайдасы ұшан-теңіз.

Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?

Қорыта айтқанда, жасанды интеллект қаншалықты жетілдірілгенімен, ол бәрібір адамзаттың шығармашылық ойлау қабілеті мен санасының жемісі болып қалмақ. Демек, отандық білім беру саласындағы басты құндылық – адами капитал екені даусыз. Жаңа технология тек уақытты үнемдеуге қызмет етеді, ал шәкірт бойындағы шынайы терең білім мен адамгершілік тәрбиені тек саналы қоғам мен ұлағатты ұстаздың өлшеусіз еңбегі ғана қалыптастыра алады.

Асылай АМАНТАЕВА

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью