Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін

16.03.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Адам баласында арман таусылған ба? Қиялына қанат бітіріп, талаптың тұлпарын мінгізетін осы құдіреттің арқасында өркениет өрге басты. Күнделікті өмірімізге тонның ішкі бауындай араласып кеткен жасанды интелект те адамзат арманының бір бөлшегі. Ежелгі замандағы ерен ойшылдар өздігімен ойланып, дербес қимылдайтын көмекшіні әбден қиялдаған. Сол себепті қазіргі роботтардың арғы бейнесін көне мифтерден, көркем шығармалардан, мүсіндер мен суретерден анық аңғарамыз.

Гомердің «Илиадасында» ұсталардың пірі Хепестустің жасаған өнертабысы жырланады. Онда шебер өздігінен қозғалып, сөйлей алатын қызметшілерді алтыннан құйып шығарады. Бұған қоса Хепестус үш аяқты тұғырлар, яғни триподтарды да жасаған. Кәдуілгі ошақтың үш бұты сияқты темір, үстіне дәмді тағам қойылады. Бірақ олардың табанына алтын дөңгелек орнатылғандықтан, бұл тұғырлар құдайлар жиналысында өздігінен қозғалып жүре береді. Тұп-тура қазіргі диджитал-дәмханаларда қызмет ететін даяшы роботтар сияқты.

Оқи отырыңыз: Адам & жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?

Грек философы Аристотель де автоматтандырылған жүйе туралы ойланғанымен, оны өмірде болмайтын қиялдың жемісі деп бағалаған. Әйтсе де «Саясат» атты трактатында технологияның адамзат игілігіне қызмет ету керектігін жазады:

«Әгараки әр құрал өз жұмысын өзі атқарып, бұйрық күтпей-ақ қажетті істі орындаса, Хепестустың триподтары секілді қозғалып, тоқу станогының шөркелері өздігінен жүріп, лираның ішектері өздігінен ойнаса, онда шеберге қызметші де, қожайынға құл да керек болмас еді», дейді ол. Аристотель кейінгі заманда өздігінен тоқитын Жаккард станогын немесе өздігінен ойнайтын механикалық пианиноны көрсе болжамының құр бекер қиял емесіне көзі жетер еді.

Заманынынан озық туған Леонардо да Винчи шамамен 1495 жылы адам тәрізді роботтың жобасын сызды. Бұл робот жүзеге асса ортағасырлық сауыт киген «рыцарь» бейнесінде болуы тиіс еді. Оның отыра алуы, қолы мен басын қозғалта алуы, тіпті аузын аша алуы жоспарда болған.

1651 жылы философ Томас Гоббс өзінің «Левиафан» атты еңбегін жариялады. Кітаптың кіріспесінде ол «жасанды жануар» жасау мүмкіндігі туралы ой қозғайды:

«Өмір дегеніміз – дененің қозғалысы. Егер сол қозғалыстың бастауы ішкі бір негізгі бөлікте болса, онда серіппе мен дөңгелектер арқылы өздігінен қозғалатын автоматтарды неге жасанды өмірге ие деп айтпасқа? Жүрек – серіппе емес пе, жүйкелер – жіптер емес пе, буындар – бүкіл денені қозғайтын дөңгелектер емес пе?» Осы пікірі үшін тарихшы Джордж Дайсон оны «жасанды интеллекттің атасы» деп атаған.

Көркем қиялдан бөлек кей адамдар нақты автоматтарды да жасап көрді. Солардың ең танымалы – француз инженері Жак де Вокансон жасаған механикалық үйрек. 1738 жылы ол көпшілікке өз өнертабысын көрсетті. Бұл үйрек: дыбыс шығара алатын, қанатын қаға алатын, жүзе алатын, су іше алатын, дән жеп, оны «қорыта» алатын. Кейінірек зерттеушілер бұл процесс шынайы қорыту емес, алдын ала дайындалған қоспа екенін анықтаған. Қалай болғанда да, бұл механизм сол заман үшін ғажайып инженерлік жетістік еді.

Оқи отырыңыз: жасанды студент оқуға қабылданды

Неміс ақыны Гете болса «Фаус» трагедиясында өзінің әулиелігін танытады. «Ақындар айтып өтеді арманын бүкіл пенденің» деп Серік Ақсұңқарұлы жырлайтындай Гете де адам баласының жасанды интеллектіні түбі бір жасап шығаратынын сезді:

«Бізді есалаң, қиялшыл деп атайды,
Бірақ ойшыл мұң құрсаудан босайды.
Босайды да, жылдар өте ойшылдың
Шебер миы жасанды ойшыл жасайды».

Француз композиторы Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсында Олимпия атты механикалық қуыршақ бар. Ол ән айтып, билей алады. Операның кейіпкері Гофман оған ғашық болып қалады, бірақ кейін оның жай ғана механизм екенін білгенде қатты қайғырады. 1920 жылы чех жазушысы Карел Чапек «Россумның әмбебап роботтары» атты пьеса жазды. Дәл осы шығармада алғаш рет «робот» сөзі қолданылды. Чех тілінде бұл сөз «мәжбүрлі еңбек» деген мағынаны білдіреді.

Оқи отырыңыз: Бала қиялы ғарышқа самғайды

Адамзаттың жасанды сана туралы арманы осылайша мифтен бастау алып, философиялық толғаныстар арқылы өнер мен ғылымға ұласты. Бір заманда қиял болып көрінген идеялар уақыт өте келе нақты техникалық ізденістерге жол ашты. Бүгінде роботтар өндірісте, медицинада, тіпті күнделікті тұрмыста қызмет етіп жүр. Демек, жасанды интеллект – кенеттен пайда болған құбылыс емес, мыңдаған жыл бойы адамзат санасында пісіп-жетілген ойдың жемісі. Адам баласының қиялы қайда жетсе, техника да сол межеге жетпей қоймайтынын осы тарихтың өзі айқын аңғартады.

Соңғы жаңалықтар

«Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Әдебиет • Бүгін, 17:38

Тәжікстан ОСК төрағасы: Азаматтарға дауыс беруге барлық жағдай жасалды

Референдум • Бүгін, 17:30

Жетісуда ЖИ көмегімен жаңа Конституцияға арналған мұрал салынды

Аймақтар • Бүгін, 17:20

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды: Биыл қанша стипендия бөлінді?

Білім • Бүгін, 17:05

Қырғызстан ОСК төрағасы: Қазақстандағы референдум жоғары азаматтық белсенділікпен өтті

Референдум • Бүгін, 16:52

Мьянма бақылаушысы: Қазақстандағы референдум тәжірибесі – басқа елдерге үлгі

Референдум • Бүгін, 16:50

«Ауыл» партиясы жаңа Конституцияны «Нағыз халықтық» деп бағалады

Референдум • Бүгін, 16:37

Туристік сала мен балалар спортын қолдау жөніндегі заңға өзгерістер енгізілді

Президент • Бүгін, 16:32

«Байтақ» партиясының төрағасы: Конституция еліміздің дамуына берік құқықтық іргетас қалады

Референдум • Бүгін, 16:24

Президент 2026 жылғы әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Заң • Бүгін, 16:17

Филиппиндік бақылаушы: Дауыс санау барысы ашық өтті

Референдум • Бүгін, 16:12

Флорида тұрғыны ChatGPT-дің көмегімен үйін 5 күнде сатқан

Әлем • Бүгін, 16:10

«AMANAT» партиясында референдум барысында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмысы қорытындыланды

Референдум • Бүгін, 15:58

Жасанды интеллект азық-түлік бағасын бақылауға көмектеседі

Сауда • Бүгін, 15:45

Тәуелсіз бақылаушылар: Бюллетеньдерді суретке түсіріп, интернетке жариялағандар болды

Референдум • Бүгін, 15:41

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью