Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді

16.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: istockphoto.com

Бұл топқа COVID-19 пандемиясын тудырған SARS-CoV-2, SARS вирусы, сондай-ақ адамға жұғу қаупі бар жануарлардың коронавирустары жатады.

Вакцинаның негізгі элементі ретінде «суперантиген» деп аталатын компонент қолданылған. Ол вирустардың генетикалық деректерін талдау арқылы жасалған.

Кембридж бен Саутгемптон қалаларында өткен алғашқы клиникалық сынаққа 39 ерікті қатысқан. Ғалымдардың айтуынша, вакцина барлық дозада сәтті енгізіліп, қауіпсіздік тұрғысынан елеулі мәселе анықталмаған.

Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?

Дегенмен зерттеушілердің айтуынша, вакцина әлі толық дайын болмаған. Ендігі кезеңде ауқымды клиникалық сынақтар жүргізу жоспарланған. Мамандар бұл технология болашақта жаңа вирустарға қарсы жылдам вакцина әзірлеуге мүмкіндік беретінін айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық Life Biosciences компаниясы жасушалардың қартаюын баяулататын гендік терапияны алғаш рет адамға сынақтан өткізді.

Компания өкілдерінің айтуынша, егер сынақтар сәтті өтсе, болашақта бұл технологияны тек көз ауруы, бауыр мен басқа да ағзалардың қартаюына қарсы қолдануға болады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью