Жасанды интеллектіні қолдану: 300 мыңға жуық педагог тегін курстан өтті

07.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..


Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, бағдарлама халықаралық тәжірибеге негізделіп, қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне бейімделе әзірленген. Курстың негізгі мақсаты — педагогтерді заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдануға үйрету және білім беру сапасын арттыру.

– Жасанды интеллект мұғалімді алмастырмайды, керісінше оның көмекшісіне айналады. Цифрлық технологияларды меңгерген ұстаз оқу үдерісін жандандырып, уақытын үнемдеп, оқушылардың қызығушылығын арттыра алады, - дейді Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Махсутова.

Курс барысында мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану дағдыларын меңгерді. Атап айтқанда, оқу материалдарын, тестілерді, иллюстрациялар мен сабақ жоспарларын жылдам әрі сапалы әзірлеуді үйренеді.

Тегін онлайн-бағдарлама «Өрлеу» MOOC платформасында орналастырылған және Қазақстандағы барлық педагогтер үшін қолжетімді. Қатысушылар оқу материалдарын өздеріне ыңғайлы уақытта меңгеріп, курсты аяқтағаны туралы куәлік ала алады.

Курсқа қатысу үшін reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркелу қажет.

Айта кетейік, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы OpenAI-мен ChatGPT-дің қазақша қызмет сапасын бірлесіп арттыруға келісті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью