Жасмина Түзелова Витебскідегі халықаралық байқауда екінші орынды иеленді

18.07.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. "Витебск-2026" ХХІІІ халықаралық балалар музыкалық байқауында қазақстандық жас вокалист, "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова екінші орынды иеленді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

© Сайт "Центр культуры "Витебск"Жасмина Түзелова "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында екінші орынды иеленді

Жасмина Түзелова "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында екінші орынды иеленді

© Сайт "Центр культуры "Витебск"

Дүбірлі дода "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі аясында өтіп, оған әлемнің 19 елінен келген жас орындаушылар қатысты.

© Сайт Минобороны КазахстанаЖасмина Түзелова "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында екінші орынды иеленді

Жасмина Түзелова "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында екінші орынды иеленді

© Сайт Минобороны Казахстана

Байқаудың алғашқы кезеңінде Жасмина қазақтың халық әні "Сарыарқаны" шырқап, қазылар алқасынан ең жоғары ұпайлардың бірін еншіледі. Ал екінші конкурстық күнде жас өнерпаз "Ромашка-Василек" композициясын орындады. Сөйтіп, екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

© Сайт Минобороны КазахстанаЖасмина Түзелова "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында екінші орынды иеленді

Жасмина Түзелова "Витебск-2026" XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында екінші орынды иеленді

© Сайт Минобороны Казахстана

"Біз Жасминаны мақтан тұтамыз. Бұл марапаттың артында жылдар бойғы қажырлы еңбек, күнделікті дайындық пен музыкаға деген шексіз махаббат тұр. Жасминаға қолдау көрсетіп, сенім артқан барша жанға алғысымыз шексіз", – деді жас әншінің анасы, кәсіби музыкант Гүлзия Өтеева.

Жасмина Түзелова жас болса да, ән сүйер қауымға кеңінен танымал. Ол ұлттық "Бала дауысы" байқауының гран-при иегері, "Central Asia’s Got Talent" халықаралық жобасының жартылай финалисі, "Қазақстан дауысы. Балалар" шоуының суперфиналисі, "Балалар жаңа толқыны" фестивалінің финалисі және Ресейдің "Голос. Дети" тележобасының жүлдегері.

Сондай-ақ жас вокалист 2025 жылы Мәскеуде өткен "Спасск мұнарасы"халықаралық әскери-музыкалық фестивалінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған "Әлия" әнін нақышына келтіре орындап, Қазақстанның абыройын асқақтатқан болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью