Жасөспірімдер әлеуметтік желіде өздерін қалай қорғай алады?

27.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: Polisia.kz

Негізгі ережелер:

Мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, оқитын мектебіңізді, сабақ кестесін және сіздің орналасқан жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке мәліметтерді жарияламаңыз. Геолокацияны көрсететін фото мен стористі нақты уақыт режимінде салмаңыз. Ондай материалдарды сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс. Достар қатарына тек жеке танитын адамдарды ғана қосыңыз. Парақшаңыздың құпиялық баптауларын реттеп, жарияланымдарыңызды тек сенімді адамдар көретіндей етіп қойыңыз. Бейтаныс адамдарға жеке фотоларыңызды, құжаттарыңызды немесе өзге де құпия ақпаратты жібермеңіз. Егер бейтаныс адам сізге шамадан тыс назар аударып, жеке мәліметтеріңізді сұраса, қайда жүргеніңізді білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты бірден тоқтатыңыз. Күмәнді аккаунтты бұғаттаңыз. Мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаңызға, заңды өкіліңізге немесе сенім артатын ересек адамға айтыңыз.

ЭЦҚ қолданушылары үшін жаңа қауіпсіздік шарасы іске қосылды

«Сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар саны мен лайктардан әлдеқайда маңызды. Цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау жеке деректеріңізді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі», делінген ақпаратта.

Еске салайық, Францияда 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынды. Заңды алдымен Сенат, кейін Ұлттық жиналыс мақұлдады. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью