Жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль еншіледі

27.02.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, отандастарымыз семсерлесуден командалық сайыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Аталған сында Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов, Нариман Уәлихан қорғады.

Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Жаңа Зеландияны (45:31) және Өзбекстанды (44:33) жеңді.

Жартылай финалда ұлттық құрама Гонконгқа (37:45) жол беріп, нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Бұған дейін Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью