Жасөспірімдер Азиадасы: Асамбек Бекасыл еркін күрестен алтын медаль ұтып алды

28.10.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.

Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қола медальмен толыққанын жазғанбыз. Бірін балуан Бақдәулет Ағабек еркін күрестен алса, екіншісі 58 келі салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуынан сынға түскен ауыр атлет Нұрсила Берікболға бұйырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью