Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көріп, тағы бір жаңа білім беру алаңымен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda-ға сілтеме жасап.
Елордада тағы бір білім беру алаңы бар. TUMO Astana креативті технологиялар орталығы – цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған.
Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.
Айта кетейік, Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылады.