Жастар роман оқиды

24.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жиынға модераторлық еткен филология ғы­­­лымдарының док­­торы, профессор Рақым­жан Тұрыс­бек жазушы шығармашылығы­на кең көлемде талдау жасап, баян­дама оқыды. «Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауы аясында жарық көрген романның тақырыптық мәні, жанр жүйесі мен көркемдік ерекшелігі, мәтін құбылысы сөз етілді. Шығарма желісі Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан Аралқұм бекетінде дамиды. Автор қарапайым жандардың тыныс-тіршілігін, қоғамдағы құн­ды­лықтардың өзгерісін, өмір­дің сындарлы кезең­дерін шынайы көркемдікпен бейнелейді.

Кездесудің мазмұнын ба­йыт­қан маңызды тұстың бірі студенттердің шығармаға қа­тыс­ты ой-толғамдары болды. Қазақ әдебиеті кафедрасының оқы­тушысы, PhD Жанбота Кәріп­байдың жетекшілігімен білім алушылар «Аралқұмдағы ақыр­ғы аялдама» романына арнаған әдеби-танымдық эсселерін оқып, туынды туралы көзқарастарын ортаға салды.

Жастардың жазбаларында Арал өңірінің экологиялық ахуа­лы мен кейіпкерлер тағдыры сабақтастырыла талданған. Автор көтерген мәселелерге қа­тысты тың пайымдар айтылып, романның бүгінгі қоғаммен үндес қырлары сөз болды. Бұл еңбектер көркем шығармаға берілген баға ғана емес, жас буынның қоғам­дық мәселелерге сергек қарайты­нын, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын да аңғартты. Кездесу барысында өрбіген пікір­талас студенттер мен оқы­ту­шылар арасындағы еркін ой ал­масуға ұласып, жиынның мәнін арттыра түсті.

Жарқын жүздесуде автор Қуаныш Жиенбай да сөз алып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қаламгер еңбегі, шығармашылық зертханасы төңірегінде кеңінен әңгімелеп берді. Жазушымен жүздесуге университет оқытушылары, студент жастар, магистранттар мен докторанттар да қатысты.

Дана МАРАТОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью