Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл жоба аясында 1 180 адамды еңбекке тарту жоспарланған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 55 түлек жұмысқа жолданды. Өткен жылы аймақта жалпы саны 1 356 жас жолданып, 303 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 673-і тәжірибесін жалғастыруда.
– «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы – орта және жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін мамандығы бойынша бес жыл жұмыс істемеген, 35 жасқа дейінгі түлектерге арналған бағдарлама. Қатысушылардың жалақысын мемлекет субсидиялайды. Әрқайсысына ай сайын 30 АЕК мөлшерінде еңбекақы төленеді, – деді Атырау облыстық Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Мереке Есқалиев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.