Жастарды қолдау шаралары артты

23.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Соңғы екі жылда еліміздің жас ғалымдарына 577 пәтер беріліп, оның 94-і өтеусіз негізде табысталды.

Ал «Болашақ» бағдарламасы аясында жалпы 13 мыңнан астам жас әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алды. Сондай-ақ дарынды оқушыларды ынталандыру, жас мамандарды қолдау мәселелері ұдайы назарда тұр. Бұл – ел жастарын жан-жақты қолдау шараларының көрінісі. 

Елдегі жастар саны 5 млн 800 мыңнан асты. Бұл ел халқының 30% - ы. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосып келеді. Президент бастамасымен жоғары білімнің қолжетімділігі артып, жас ғалымдарды қолдауға арналған гранттық бағдарламалар көбейді. Еңбек нарығында жас мамандардың мүмкіндіктерін арттыратын жаңа жобалар іске қосылды. Сондай-ақ цифрлық экономика, кәсіпкерлік саласында жаңа буынға жол ашатын бастамалар да мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау тауып отыр.

Ұлттық ғылым да қарқынды дамып келеді. Оған дәлел – елде 12 мыңнан астам жас ғалым бар. Олар зерттеушілердің 47%-ын құрайды. 2024-2025 жылдары жас ғалымдарға 577 пәтер берілді. Оның 94-і өтеусіз негізде табысталды. Бұдан бөлек жоғары білікті зерттеушілер буынын қалыптастыру мақсатында елде «Жас ғалым» бағдарламасы іске қосылды. Ол жас зерттеушілердің ғылыми жобаларына гранттық қаржыландыру жүргізеді. Жалпы мемлекет соңғы жылдары бұл бағытқа қатты көңіл бөліп келеді.

Жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау

12 000 жас ғалым бар

Олар зерттеушілердің 47%

2024-2025 жж. жас ғалымдарға 577 пәтер берілді

оның 94-і өтеусіз

Ал Болашақ бағдарламасымен  жалпы 13 мыңнан астам қазақстандық әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарын білім алып, қазір түрлі салада отанға қызмет етіп жүр.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы

13 000  астам қазақстандық әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алды.

Шығармашылық оқу орындарының студенттері арасынан конкурс жеңімпаздарының саны шамамен 15 пайызға артты. Мәдениет саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің  1500 студенті республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты атанды. Былтырдан бері оқушыларымыз 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жарысқа қатысып, мыңға жуық медаль алды. Оның 200-ге жуығы – алтын, 300-ден астамы – күміс, ал 500-ге жуығы – қола медаль.

Шығармашылық конкурс жеңімпаздары 15% өсті

1 500 студент лауреат атанды

30-дан астам олимпиада мен ғылыми жарыс

1 мыңға жуық медаль

Соңғы екі жылда 419 жаңа мектеп салынды. Олар 614 мың балаға шаұталған. Нәтижесінде 19 апатты мектеп жойылды, 58 мектепте үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі шешілді. Бастысы 190 мектепте оқушы орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 237 спорт ғимараты бой көтеріп, балаларды салауатты өмірге баулуға сеп болды. Спорт мектептердің 69-ы қалаларда және 168-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Мектеп құрылысы

419 мектеп – 614 мың орын

19 апатты мектеп жойылды

58 мектепте үш ауысымда оқыту тоқтатылды

190 мектепте орын тапшылығы жойылды

Спорт нысандарының құрылысы

237 спорт ғимараты

69-ы – қалада

168-і – ауылда

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью