Жастарға лайықты көзқарас

23.06.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазір осы олқылықтың ор­нын толтыратын бастамалар бар. Осыған дейін облыс­та «Сыр жастары» жас мем­ле­кет­тік қызметшілер клубы құ­ры­­лып, білікті, білімді жастар жи­нақталып, квазимемлекеттік ор­гандар мен жеке сектордағы талапты мамандарды мемле­кет­­тік қызметке тарту, жалпы мем­лекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағы­тын­­­­да жұмыс жүргізілген.

Жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасап, ын­ты­мақ­тастық пен іскерлік қарым-қатынасты ұштауына сеп болатын «Парасат жолы» жас мемлекеттік қыз­метші­лер­дің облыстық слеті ұйым­дас­ты­рылды. Жергілікті Қорқыт ата университетімен меморандум нәтижесінде құ­рыл­ған «Абырой» жас мем­лекеттік қыз­метшілер мекте­бі де осы бағыттағы жұмыс­ты жүйелеуге сеп болды. Жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағы­лым­дамадан өткізу арқылы мем­лекеттік қызметтің іс жүзін­дегі дағдыларын үйренуге мүм­кіндік беретін «Абырой» мек­тебіне «Мемлекеттік және жер­гілікті басқару» білім бағ­дарламасы 4-курсының 25 студенті қабылданып, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалында білікті­лік­ті арттыру курстарынан өтті. Осыдан 6 жыл бұрынғы осы бас­таманың нәтижесі көп ұзамай көріне бастады.

«Саладағы реформаға сәй­кес осы күні мемлекеттік қыз­метке тұру талаптары жеңілдеп келеді. Бұл әсіресе қызметке енді араласа бастаған жас­тар үшін өте тиімді. Биылғы жетіс­тік ретінде Президенттік жас­тар кадр­лық резервіне өңір­ден 3 адам­ның енгенін айтар едік», дейді Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі Қызылор­да облысы бойынша департаменті­нің Мемлекеттік қызмет басқарма­сы­ның басшысы Жасұлан Шынтасов.

Салада жүріп жатқан реформалар нәтижесінде мемлекеттік грант арқылы бітірген студент­тердің мемлекеттік кіші лауазым­дарға конкурстық іріктеусіз тағайындала бастауы да жас­тар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Жоғары оқу орнын бітіре сала қалаға қарасты Қосшыңырау ауылдық округі әкімдігіне қызметке тұрған Ерасыл Бекенов – солардың бірі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін үздік бітірген жастың арманы – мемлекеттік қызметті сапалы атқарып, ел сені­мі­нен шығу.

«Мемлекеттік қызметке орна­ла­судың жеңілдеуі талай жастың талабына жол ашты. Енді менің қатар­ларым қызмет сапасын көте­руге барын салатынына сенім­дімін», дейді ол.

Жалпы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкі­лет­ті орган келісімімен Талсуат, Қосшыңырау және Ақсуат ауыл­дық округ әкімдіктеріндегі жетек­ші маман, бас маман лауазымдарын Ерасыл секілді оқу орнын жаңа бітірген жастар иеленген.

Өңірде жыл сайын мемлекет­тік қызметшілердің 30 пайызы білі­мін жетілдіріп отырады. Ма­­мандар осы жылы жасанды интел­­лектіге баса мән беріліп отыр­­ғанын айтады. Сонымен қатар 2023–2025 жылдар аралы­ғын­да ел аумағында жүзеге асқан «Тәлімгерлер кеңесі» бас­та­масы облыста әлі жалғасып жатыр. Салада тәжірибесі мол, көрген-түйгені көп ардагерлер жас­­­тарға тәлім-тәрбие беріп ке­ле­ді.

Өңір кадр тұрақтылығы жа­ғынан республикада алда тұр. Мамандардың қызметтен кетуі жоспарланған көрсеткіштен көп төмен. Бұл – жүйелі кадр саясатының нәтижесі. Жергілікті атқарушы органдардағы бос орындар үлесі де үлкен емес. Жас­тарға жасалған осындай жан­ашыр­лық өңірде мемлекеттік қыз­мет­тің тиімділігін арттырып келеді.

 

Қызылорда

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью