Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Алматы облысының 15 жастағы тұрғыны өзінің өгей әкесінің атасы тарапынан жасалған тиісу әрекеттеріне шағымданды. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы облысының 15 жастағы тұрғыны өзінің өгей әкесінің атасы тарапынан жасалған тиісу әрекеттеріне шағымданды. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?БАҚ-тың хабарлауынша, Алматы облысында 62 жастағы ер адам бірнеше ай бойы 15 жастағы қызға тиіскен. Жасөспірім КТК арнасына анасы түнгі ауысымға жұмысқа кеткен кезде ер адам оның бөлмесіне бірнеше рет келгенін айтқан.
"Ол менің кеудем мен жамбасымнан ұстайтын. Мойнымнан сүйетін кездері де болды. Бір күні ыдыс жуып жатқанымда, атам мені шақырып алып, жалаңаш еркектер мен әйелдердің видеосын көрсетті. "Міне, қара, бұлар сенің құрдастарың" деді. Мен ашуланып, сіңлімді алдым да, кешке дейін далада жүрдік", – деді қыз телеарна журналисіне.
БАҚ мәліметінше, ер адам қыздың туған атасы емес ол анасының екінші күйеуінің әкесі. Әйелдің бірінші некесінен екі баласы бар. Екінші некесінен кішкентай қызы бар, қазір ол төртінші баласына аяғы ауыр.
"Үлкен қызым айтып берді: үйде бәрі ұйықтап қалғанда, атасы көрпе астына кіріп, оның жамбасынан ұстайды екен. Осыдан кейін ол жастығының астына пышақ тығып қоятын болды. Мен жұмыста болғанда, қайын атам балаға порнография көрсеткен. Мұның бәрін күйеуіме айттым. Бірақ ол тіпті тыңдағысы да келмей, мені соққыға жықты", – деді қыздың анасы.
КТК телеарнасының хабарлауынша, қазіргі уақытта үш баласы бар жүкті әйелді жанашыр жандар уақытша паналатқан. Күдікті әзірге бостандықта жүр. Оның мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейтіні белгілі.
Полиция не дейді?Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың барлығының уәждері мен түсініктемелері мұқият тексеріліп, тиісті процестік әрекеттер тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі жүргізілген тергеу амалдарының қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен шешілетінін атап өтті.