Жасыл мектептер платформасы Орталық Азия елдеріне не береді

23.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

— Педагогтерді даярлау ерекше басым бағыт болып қала береді. Қазірдің өзінде 50 000-нан астам мұғалім жаңа тәсілдерді енгізу тұрақтылығын қамтамасыз ететін экологиялық және климаттық білім беру бойынша оқытылды. Мектептер бірте-бірте балалардың ғана емес, жалпы қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыра алатын, сондай-ақ отбасыларды, жергілікті қауымдастықтар мен өкілдерді жұмылдыратын орталыққа айналып келеді. Осы арқылы білім саласы бүкіл қоғамға экологиялық құндылықтарды тарату көзіне айналып жатыр, — деді Ж. Сүлейменова.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұл тұрғыда ол климаттық сын-қатерлер өте ауқымды екенін атап өтті. Су қауіпсіздігі, топырақ құрамының нашарлауы және климаттың өзгеруі мәселелері барлық ел мен өңірлердің бірлескен әрекетін талап етеді.

— Сондықтан UNICEF қорымен бірге «Жасыл мектептер» өңірлік платформасы біздің аймақ үшін стратегиялық ынтымақтастық механизміне айналуы керек. Ол тәжірибе алмасуға, тәсілдерді үйлестіруге, оқу материалдарын бірлесіп әзірлеуге және Орталық Азиядағы орнықты даму үшін бірыңғай білім беру кеңістігін құруға мүмкіндіктер ашады. Бүгінде осы өңірдегі халықтың 60 пайыздан астамын жастар құрап отыр. Сондықтан олар біздің ортақ болашағымызды айқындайды, — деді министр.

Еске салсақ, биыл ақпан айында Орталық Азия елдері «Жасыл мектептер» платформасын іске қосуды талқылады.

Ол Орталық Азия елдерінің экологиялық тұрақты білім беру жүйелеріне көшуін қолдауға арналған. Платформа климаттық білім беруді ілгерілету, климатқа төзімді мектеп инфрақұрылымын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау және білім беру секторында басқару және қаржыландыру жүйелерін нығайту үшін үкіметтерді, даму серіктестерін және халықаралық қаржы институттарын біріктіреді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью