Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Талдықорғандағы орталық бассейн алаңындағы ағаш отырғызу шарасына облыс әкімі Бейбіт Исабаев және жастар ұйымдарының өкілдері, эко-белсенділер қатысты. Спорт нысанының алдына 150 көшет егілді.
Өңір басшысы акцияға келген жастармен әңгімелесіп, олармен пікір алмасты.
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі– Бүгінгі жастардың өз-өзін дамытуға мүмкіндігі көп. Қазір білімділердің заманы. Гаджеттерді неғұрлым пайдалы, тиімді жағынан пайдалану керек. Әсіресе тілдерді үйренуге, ІТ-технологияны меңгеруге көбірек көңіл бөлсеңіздер, оның болашақта игілігін көресіздер, - деді Б. Исабаев.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, облыс көлемінде акцияға мекеме-ұйымдар қызметкерлері, коммуналдық қызметтер, кәсіпорындар, елді мекендер тұрғындары, эко-белсенділер, еріктілер мен жастар жалпы саны 15 мың адам қатысып, 125 техника жұмылдырылған, 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіТалдықорғандағы акцияға қатысушы жастар пікір білдірді.
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі– Талдықорған индустриалды колледжінің 1-курс студентімін. Бұған дейін Текелі қаласында да осындай тазалық және ағаш егу шарасына қатысқанбыз. Өзіме қоғамдық жұмыстарға қатысқан ұнайды. Мұндай шараларда жастар бір-бірімен араласып, танысып, жақсы орта табамыз. Әрі табиғатқа қамқорлық жасауға бірлесіп жұмыламыз. Бұл бізді ұйымшылдыққа, экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруға көмектеседі, - деді Дархан Жұмаев.
Ағаш егуге жастар ұйымдарында белсенділік танытып жүрген оқушылар да бар.
– Мен екі жылдан бері Unisef жастар ұйымының мүшесімін. Өзім Назарбаев зияткерлік мектебінде 10-сыныпта оқимын. Біз балалардың құқығын қорғау бағытында ақпараттандырумен айналысамыз. «Jetisu Jastary» ұйымымен бірге осындай экологиялық акцияларда белсендіміз. Біздің эко-волонтерлық туралы арнайы курстарымыз бар, мүшелерімізді сол курстарла оқытамыз. Яғни әр эко-волонтер өзінің білгенін басқаларға да айтып, жеткізіп, білімімен бөлісіп үйретеді, - дейді Нұрай Қожекенова.
Атап өтсек, осы күні Астанада «KazEcoPatrol» қоғамдық бірлестігінің волонтері Давид Виршки Президенттің қолынан Алғыс хат алды.