Жасыл желекке жанашырлық қажет

02.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Орман алқабына төнетін басты қауіптің бірі – өрт. Былтыр аймақта болған алапат тілсіз жау 10 гектарға жуық аумақты күлге айналдырды. Төтенше жағдайлардың басым бөлігі астық егетін шаруашылықтардың егіс алқаптарын тазарту мақсатында сабан өртеуінен туындайды. Мәселен, жуырда Шал ақын ауданындағы «Асар-Север» ЖШС өткен жылғы қал­дық­тар­ды жағу кезінде өрт шыға­рып, шаруашылыққа әкімшілік айыппұл салынды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бас­қар­масы бастығының міндетін атқа­рушы Ерлан Тәшімовтің мәлі­ме­тінше, былтыр өрт қаупі жо­ғары мау­сымда 1 015 рейд жүр­гізілген. Соның нәтижесінде тұтана бастаған 29 өрттің алдын алу мүмкін болды. Ереже бұзған тұлғаларға 37 хаттама толтырылып, 1 млн 157 мың теңге айыппұл өндірілген.

Сонымен қатар тілсіз жаудың алдын алу мақсатында былтыр 993,5 шақырым минералды белдеу тартылды. Тереңдігі 50–70 см, ені 5–10 метр болатын бұл жолақтар өрттің орманға таралуына тосқауыл болады. Дегенмен оларды үнемі бақылап, өсіп кеткен шөптер мен қураған қалдықтардан тазартып отыру қажет. Өйткені дауыл айдаған қалың өрт келіп жетсе, тазартылмаған белдеудегі шөп-шалам да тұтанып, жалын ор­ман­ға лап қоюы мүмкін. Сондықтан қара топырағы ғана қалатындай етіп, бел­деулерді тұрақты түрде күтіп ұстау маңызды. Былтыр бұл жұ­мыс­ 26 900 шақырым аумақта жүр­гізіл­ген.

Қазір орман шаруа­шы­лық­та­ры­ның материалдық-техникалық базасы біртіндеп нығайып келеді. Былтыр өңірдегі орман шаруашылықтарының өртке қарсы дайындық деңгейі 10 бал­дық жүйе бойынша 6,9 балға баға­ланды. Бүгінде аймақта 21 өрт сөн­діру көлігі, 13 станса, 129 трактор және 27 өрт сөндіру кешені сақадай сай тұр.
Биыл қолға алынған «Ауыл құт­қару­шылары» бағдарламасы аясында облыстың 11 нүктесінде арнайы топ­тар құрылып, 78 адам өрт сөн­діру тәсілдеріне машықтанды. Бұл жасақ­­тар негізгі күш жеткенге дейін тілсіз жаудың бетін қайтаруға септігін тигізеді.

Жасыл орманды өрттен қорғап, оның көле­мін арттыру – табиғатқа деген жана­шырлық пен елдік жауап­кер­шіліктің маңызды көрінісі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью