Жатақхана жеткілікті ме?

09.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, студенттерді жайлы әрі қауіпсіз жатақханамен қам­та­масыз ету – еліміздегі жоғары бі­лім саласының маңызды басым­дықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік деңгейде заң­намалық және стратегиялық құжаттармен бекітілген. Жыл ­сайын министрлік жатақханаға тап­шы­лықты, студенттердің өңірлер бойынша контингентін зерделеп, әлеуметтік жағ­­­дайларына тал­дау жүргізеді. 2018–2025 жыл­дар аралығында 72 мыңнан астам орынға арналған 281 жатақ­хана пайдалануға берілді. Соның ішін­де жоғары оқу орын­дары­ның­ студенттері үшін 51 323 орын­дық 182 жатақхана, колледж студенттері үшін 20 802 орын­дық 99 жатақхана ашылды. Осы­лайша, 2018 жылдан бастап іске асырылған жүйелі шаралар­ тө­сектік орын санын едәуір арт­тыруға және жоғары оқу орын­дары мен колледждердің студент­тері үшін жатақхана орын­дарының тапшылығын айтар­лық­тай қысқартуға мүмкіндік берді.

«Осының нәтижесінде бірне­ше жыл бұрынғы тапшылық бү­гінде 5 176 орынға дейін қысқарды. Қазіргі уақытта жатақхана орын­дарының тапшылығы негізі­нен Алматы қаласында ғана бай­қала­ды, ал Астана мен басқа өңір­лер­де тапшылық толық жойыл­ған. Сту­денттердің қауіпсіздігі мен жай­лылығына ерекше кө­ңіл бө­лінеді. Қажет болған жағ­дайда жо­ғары оқу орындары хос­тел­дерді жалға алып, оларда тек сту­денттердің тұруын қам­та­ма­сыз етеді. Бұл нысандарда қауіп­сіз­дік талаптары арнайы нор­мативтік құжаттармен реттелген. Со­нымен қатар ­2025–2026 оқу жылында ситуациялық, дағдарыс орталықтары іске қосылды», делін­­ген министрлік хабарламасында.

Министрлік мәлімдемесінде жазылғандай, студенттерге жа­тақ­хана орындары туралы ақпарат пен кеңес беретін ситуациялық орталық Қазақ ұлттық қыздар пе­дагогикалық университетінің ба­засында ашылса, форс-мажор жағдайында уақытша баспанамен қамтамасыз ететін дағдарыс орталығы Тынышпаев атындағы «ALT» университетінде ашылды. Бүгінге дейін ситуациялық ор­талықтан 2 500 адам кеңес алса, дағдарыс орталығының қыз­метін 10 адам қолданған. Әр өңір­де сту­денттердің мәселелерін жедел ше­шуге жауапты омбудсмен­дер бе­кітіліп, министрліктің қол­дауы­мен жедел штаб жұмыс іс­тей­ді. Сондай-ақ өтініштер мен ұсы­ныс­тарды қабылдайтын жоға­ры оқу­ орындарының ресми сайт­та­рында тікелей байланыс ар­нала­ры іске қосылған. Атал­ған жұ­мыстар осы оқу жылында да жал­ға­сып, студенттерді қол­же­тім­ді әрі қауіпсіз жатақ­ханамен қам­та­масыз ету бағы­тында жаңа бас­та­малар жүзеге асырыла береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью