Жатқан жері жайлы болсын! Ердос Қанаевтың отбасы қара жамылды (ФОТО)

27.10.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов әріптесі әрі жақын досы Ердос Қанаевтың отбасындағы ауыр жағдай туралы хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Ердос Қанаевтың әкесі дүниеден озған.

"Қайғылы хабар! Ердостың асқартауы дүниеден озды! Отбасына қайғыра көңіл айтамыз!", – деп жазды Бағлан Әбдірайымов әлеуметтік желіде.

Желі қолданушылары да әншіге көңіл айтып, отбасының қайғысына ортақтасты.

Көпшілік "Сабыр берсін", "Жаны жәннатта болсын", "Ерекше тұлғаның артында иманды ұрпақ қалсын" деген жылы тілектерін білдіріп, қолдау көрсетті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью