Жатқан жері жайлы болсын : Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовтің қырық күндік асында әсерлі сөзін айтты (ВИДЕО)

31.01.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазаққа танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм Асанәлі Әшімовтің қырық күндік асына қатысып, естелік сөзін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мақпал Жүнісова марқұмның жары Бағдат Әшімоваға қайырылып тұрып, бұл шаңырақта енді қайғы болмасын деп тілек айтты.

"Енді бұл отбасыда қайғы болмасын. Асанәлі ағамыздың ұлы екенін бүкіл қазақ біледі. Енді шын өмірі басталды. Біз ешқашан да ағамызды ұмытпаймыз. Жатқан жері жайлы болсын! Топырағы торқа болсын", – деді Мақпал Жүнісова.

2025 жылдың 21 желтоқсанында 89 жасқа қараған шағында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, режиссер әрі профессор Асанәлі Әшімов дүниеден өтті. 

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. 1956–1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шығармашылық жолын Қазақфильм киностудиясында актер ретінде бастап, 1963 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры сахнасында актер әрі режиссер ретінде еңбек етті. Ол қазақ кино өнерін әлемдік деңгейге көтерген бірегей актерлердің қатарында болды.

Марапаттары мен атақтары

Асанәлі Әшімов өнердегі ұзақ жылдық еңбегі үшін көптеген жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:

1973 жыл – «Атаманның ақыры» фильміндегі рөлі үшін К. Байсейітова атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы 1974 жыл – театр өнеріндегі еңбегі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы 1978 жыл – Қазақ КСР халық әртісі 1980 жыл – КСРО халық әртісі 2000 жыл – «Тарлан» тәуелсіз сыйлығы 2001 жыл – «Отан» ордені 2002 жыл – Жамбыл облысының құрметті азаматы 2003 жыл – «Қазақы оқиға» фильміндегі рөлі үшін «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің лауреаты 2007 жыл – «Құрмет» ордені 2007 жыл – әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО Халықаралық академиясының «Алтын қыран» ордені
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью