Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Вакцина жасөспірім қыздарға, яғни 11–12 жас аралығында салынады. Ол обырға дейінгі жағдайлардың алдын алып, қатерлі ісік қаупін азайтады. Тіпті болашақта вирус жұқтырған адаммен байланыс болса да, вакцина алған қыз немесе әйел ауруға шалдығу қаупі төмендейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес, 15 жасқа дейінгі қыздардың кемінде 90 пайызы вакциналануы тиіс. Қазақстанда бұл екпе ұлттық күнтізбеге енгізіліп, барлық мектепте тегін жүргізіледі. Қолданылатын Gardasil вакцинасы жоғары онкогенді 16 және 18 типтерге, сондай-ақ 6 және 11 типтерге қарсы қорғаныс береді.
– Вакцинация – стратегиялық маңызды қадам. Ол әйелдер арасындағы онкологиялық өлім-жітімді азайтып, келешекте дені сау ұрпақ қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде акушер-гинеколог Жанерке Ажетова.
Маман ата-аналарды қыз балаларын дер кезінде вакцинациялауға жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін вакцинациялау бойынша есептілік электрондық форматқа көшірілетіні туралы жазған едік.