Жауапкершіліктің айқын көрінісі

21.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қызылордадағы Достық үйінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттер басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері мен жастар қатысты.

Аймақ басшысы консти­ту­циялық рефор­маның маңыз­дылығына тоқта­лып, жал­пы­халықтық референ­думның ел болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

«Конституциялық реформа жөніндегі жалпыхалықтық талқылаулар жарты жылға жуық уақыт әртүрлі алаңдарда өтті. Бұл – қоғамның саяси бел­сенділігі мен азаматтық жауап­кершілігінің айқын көрі­ні­сі. Ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың тікелей дауыс беруіне ұсыну – демократияның шынайы әрі мызғымас қағидаты. Жаңа Конституция жобасында мемлекетіміздің іргелі негіздері, басты құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдары жүйеленіп, заманауи талап­тар­ға сай жаңғыртылды. Жал­пы­халықтық референдум Тәуелсіз Қазақстанның алдағы даму кезеңін айқындап, ел тарихында жаңа белестің бас­талуына негіз болады деп сенеміз. Президентіміздің бас­тамасымен елімізде кейінгі жылдары қолға алынған саяси реформаларды жүзеге асыруда Сыр өңірі береке-бірліктің, тату тірліктің үлгісін көрсетіп келеді. Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын алдағы маңызды саяси кезеңде Сыр жұртшылығы еліміздің шынайы патриоты ретінде азаматтық ұстанымдарын біл­діріп, жаңа Конституцияның жобасын қолдайды деп сенеміз. Баршаңызды осы іске жоғары жауапкершілікпен белсенді атсалысуға шақырамын», деді облыс әкімі.

Жиында Конституциялық рефор­маның құқықтық негіз­дері, «Заң мен тәртіп» қағи­датының үстемдігі бағытында облыс прокуроры Ризабек Ожаров баяндама жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы Конститу­ция­ның жаңа жобасы жайлы пікір білдіріп, кейбір мәсе­ле­лерге тоқтала кетті.

«Ел ішінде жүргесін «Неге Конституцияны өзгерте береді?» деген сауалды құлағымыз шалып қалып жатыр. Заман өз­ге­ріп, қоғамның сұранысы жаңа сатыға көтерілген са­йын осындай өзгерістердің болып тұратыны – заңдылық. Мысалы, Франция мемлекеті қазіргі Конституциясын 1958 жылы қа­был­даған. Осы жылдар ішін­де оған 24 мәрте өзгеріс енгізі­ліп­ті. Ресейде,  Орта Азиядағы бұрынғы одақ құрамындағы мемлекеттер де осы жолдан өтті», дейді ол.

Қайраткер сөз түйінінде жаңа Конституция жобасының маңызды бағыттарының бірі  мемлекеттің әлеуметтік жауап­кер­­шілігін күшейту екенін еске салды.

Кездесуде Қорқыт ата атын­дағы Қорқыт ата универ­си­тетінің басқарма төрағасы-ректоры Наурызбай Байқадамов «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының үгіт-насихат жұмыстары жайлы айтты. Еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен кездесулерде Конституция жобасы жайлы әр сала мамандары түсіндірме жасайды.

Жиында білім саласының ардагері Райкүл Байназарова Ата заң жобасындағы ғылым, инновация, мәдениет, облыстағы ҮЕҰ Альянсы төрағасы Анар Ізден азаматтар бостандығы мен құқығы, ал «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова отбасы және неке құндылығы жөнінде пайымды пікір білдірді.

Қызылорда 

Соңғы жаңалықтар

Құндылықтар құнтталған құжат

Қоғам • Бүгін, 09:15

Жауапкершіліктің айқын көрінісі

Реформа • Бүгін, 09:07

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

ТүркПА референдумды бақылайды

Саясат • Бүгін, 09:03

Қыз мінезді қыс

Пікір • Бүгін, 09:00

Арал табанын қалай оазиске айналдырамыз?

Талбесік • Бүгін, 08:55

Ет экспортына талап жоғары

Экспорт • Бүгін, 08:50

Мал шаруашылығында өсім бар

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Ауыл кәсіпкерлеріне қомақты көмек

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?

Digital • Бүгін, 08:35

Цифрлық мүмкіндік – әскер әлеуетінің өзегі

Айбын • Бүгін, 08:30

«Үнсіз білім» үлгісі

Музей • Бүгін, 08:25

Уақытпен үндес туынды

Қоғам • Бүгін, 08:20

Айтыс абызының асқар биігі

Тұлға • Бүгін, 08:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью