Жауынгерлік даярлықтың қорытындысы

25.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлық қарқыны айтарлықтай артты.

Жыл басынан бері 60 мыңнан астам оқу-жаттығу өткізілді. Әскери-әуе күштерінде де оң серпін байқалады. Ұшқыштар күрделі метеожағдайда ұшу техникасын меңгеріп, жауынгерлік міндеттер мен қару-жарақты қолдану машықтарын жетілдірді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері жауынгерлік үйлестіру бойынша 760 шара өткізсе, Әскери-теңіз күштері 188 рет теңізге шығып, 25 мыңнан астам теңіз милін еңсерді.

Сейілжан Мейірманов, ҚР ҚК БШ Жауынгерлік дайындық департаментінің аға офицері:

- Соңғы кезеңде шамамен 4,5 мың оқ ату мен тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Олардың барысында әртүрлі ахуалға жағдайға арналған әртүрлі оқу жаттығулар тапсырмасын іс-жүзінде орындау мәселелері пысықталды. Бұдан бөлек, Айбалта, Десант, жауынгерлік ынтымақтастық Каспий самалы сияқты бірқатар ахуалды жедел стратегиялық тактикалық және арнайы оқу-жаттығулар өткізілді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью