Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
1 маусымнан бастап №220/219 «Қарағанды – Балқаш» бағытындағы жолаушылар пойызы жолға шығады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ іске қосқан жаңа бағыт өңірдегі көлік қатынасын кеңейтіп, Балқашқа қатынайтын жолаушылар үшін қосымша мүмкіндік ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Жаңа теміржол бағытының ұзақтығы 472 шақырымды құрайды.
Пойыз Қарағанды станциясынан сағат 06:00-де аттанып, Балқашқа 12:48-де жетеді. Ал Балқаш станциясынан 13:45-те шығып, Қарағандыға 20:53-те келеді. Қатынас күнара, тақ күндері жүзеге асырылады.
Пойыз жол бойында 19 станцияға тоқтайды.Бағыт бойында пойыз Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек және Сарықұм станциялары арқылы өтеді.
Пойыз құрамы 6 вагоннан жасақталған. Оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар. Жалпы сыйымдылығы шамамен 300 орынға есептелген.
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ компанияның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасында қолжетімді.
Еске сала кетейік, бұған дейін жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайтынын жазған едік.
Соңғы жаңалықтар
Өскеменде тіс емханасының 53 қызметкеріне екі айдан бері жалақы төленбеген
Қоғам • Бүгін, 10:05
Елордада екінші әуежай салудың жобалық жұмыстары басталды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Маңғыстауда 40 млн жыл бұрынғы акула тістері табылды
Оқиға • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 74 түрлі дәрілік зат шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады
Медицина • Бүгін, 09:38
Үсік пен аптап ыстық: Елімізде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Бүгін, 09:27
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті
Алматы • Кеше
Фермерлердің жерлерін аюлардан қорғайды: Жапонияда робот-қасқырлар пайда болды
Әлем • Кеше
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Иран Қытай кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Әлем • Кеше
Қазақстаннан шетелдерге кеткен техникалық кадрлар саны келгендерден көп
Қазақстан • Кеше
Енді Қазақстан азаматтары Таиландта ұзақ уақыт бола алмауы мүмкін
Оқиға • Кеше
Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
Президент • Кеше
Президент: Қазақстан нағыз цифрлық ел болу үшін нақты қадамдар жасап жатыр
Президент • Кеше