Жаз маусымында сусындар бағасы 16 пайызға өсті

16.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында елімізде 1,7 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндіріліп, жыл ішінде саладағы өндіріс көлемі 18,9%-ға артқан.

Осы кезеңде минералды және газдалған, қантсыз ауыз судың өндірісі 320,8 млн литрге жетіп, 6,3%-ға артты. Ал алкогольсіз сусындардың басқа түрлерінен 1,4 млрд литр өндіріліп, олардың көлемі бір жылда 22,2%-ға көбейген.

Қазақстанда темекінің бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін

Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2026 жылдың маусымында:

ауыз су – 16,9%-ға; салқындатқыш сусындар – 15,6%-ға; басқа алкогольсіз сусындар – 16%-ға қымбаттаған.

Баға ең көп жоғарылауы Павлодар облысында байқалып отыр. Бұл өңірде ауыз су 29%-ға, салқындатқыш сусындар 46,6%-ға, ал басқа алкогольсіз сусындар 46,7%-ға қымбаттаған.

Қазақстанда бір аптада бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандады

Ал Жамбыл облысында, Шымкент пен Алматы қалаларында баға баяу өсім көрсеткен.

Өнімдердің ішінде ең көп қымбаттағаны – энергетикалық сусындар. Бір жыл ішінде олардың бағасы 19,6%-ға артқан. Сондай-ақ минералды су 17,7%-ға, газдалған сусындар 16,3%, ауыз су 15%, ал газдалмаған сусындар 12,5%-ға қымбаттаған.

Жаз маусымында елде азық-түлік бағасы төмендегенімен, қант бағасы қымбаттаған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қант бағасының өсуін тұрғындардың компот, тосап және басқа да қысқы азық-түлік қорын дайындайтын кезеңімен байланысты болып отырғандығын атап өтті.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью