Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ертіс-Баян өңірінде өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан болатын кісі өлімі азаймай тұр. Кейінгі үш жылда 20 адам көз жұмған.
Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
2023–2025 жылдары өңір кәсіпорындарында 313 жазатайым оқиға тіркелген. Соның салдарынан 336 адам зардап шеккен. Мемлекеттік еңбек инс-пекциясы комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында 2025 жылы 104 жазатайым оқиға тіркеліп, салдарынан 113 адам зардап шеккен. Оның ішінде 66 адам ауыр жарақат алып, 7 адам қаза тапқан.
«2024 жылы 103 жазатайым оқиға тіркеліп, 112 зардап шеккен адам анықталған. 78 адам ауыр зардап алып, 9 адам көз жұмған. 2023 жылы тіркелген 106 жазатайым оқиғадан 111 адам зардап шеккен, оның 65-і ауыр жарақат алған. Төрт оқиға адам өлімімен аяқталған. Зардап шеккендердің басым бөлігі – тау-кен, металлургия саласында, бюджеттік ұйымдарда, шағын бизнес субъектілерінде, құрылыс саласында еңбек ететін азаматтар. Өндірістік оқиғаның негізгі себептері – жұмыстың қанағаттанғысыз деңгейде ұйымдастырылуы, зардап шегушінің абайсыздығы, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік талаптарының бұзылуы», дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров.
Жазатайым оқиғаның ең жиі кездесетіні – адамдардың биіктен құлауы, қозғалмалы, көкте қалықтап жүретін, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері. Өткен жылғы статистикалық деректерге үңілсек, кәсіпорындар арасында ең көп жарақаттанған жұмыскерлер «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі – 10 адам. Сондай-ақ «Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы» АҚ филиалы – «Шығыс» кенішінде – 6 адам, «СтеклоМир KZ» ЖШС – 4 адам, «Богатырь Көмір» ЖШС – 5 адам, «Проммашкомплект» ЖШС – 3 адам, «R.W.S. Concrete» ЖШС – 2 адам, «ПЭТК» АҚ – 2 адам, «Смарт Автобус ПВ» ЖШС – 4 адам, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы электр стансасында 2 адам өндірістік жарақат алған. 2025 жылы өлімге әкелген жазатайым оқиға «Богатырь Көмір» ЖШС-да тіркеліпті: 2 адам қаза тапқан. Сондай-ақ «Строй-Дизайн PV» ЖШС, «ҚАЖсервис» ЖШС, «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты, «МК Еуразия-Агро» ЖШС мен «Гамма Сарыкөл» ЖШС-ның әрқайсында кісі өлімімен аяқталған бір жазатайым оқиғадан тіркелген.
Кейінгі жылдары тіркелген ең қайғылы оқиғаның бірі – 2024 жылдың қаңтар айында Майқайың алтын кенішінде автобуспен құрдымға түсіп қаза тапқан 4 құтқарушының өлімі. Құтқарушылар «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС ПФ мекемесінде еңбек ететін еді.
«Өкінішке қарай, өндірістік жазатайым оқиғадан зардап шеккен адамдардың жұмыс берушіден келтірілген материалдық зиянды өтеу нормасы еңбек заңнамасында қарастырылмаған. Осы себепті, зардап шеккендер азаматтық сотқа өз бетімен жүгінеді. Ал қылмыстық істер жөніндегі мемлекеттік еңбек инспекциясының материалдары тергеулер аяқталғаннан кейін аумақтық полиция органдарына жолданады», деп қосты департамент өкілі.
Қазір елімізде 2024–2030 жылдарға арналған «Еңбек қауіпсіздігі» тұжырымдамасын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Құжат еңбек қауіпсіздігі саласында жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыруға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Мақсаты – өндірістік жарақаттануды төмендету, тиісті мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
Департамент басшысы өңірде өндірістік оқиғалардың алдын алу, кәсіби аурулардың профилактикасына қатысты қабылданатын шаралар аясында 33 кәсіпорында «Нөлдік жарақаттанушылық – Vision Zero» тұжырымдамасы, 22 еңбек ұйымында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілгенін атап өтті. Бұл кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігін тікелей бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Өңір кәсіпорындарында 881 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың міндетіне өндірістік жарақаттануды болдырмау, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын тексеруді ұйымдастыру кіреді.
Павлодар облысы
Соңғы жаңалықтар
Мәселе • Бүгін, 09:00
Нұртілеу турнирі мәресіне жетті
Спорт • Бүгін, 08:57
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Білім • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:53
Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі
Экономика • Бүгін, 08:50
Әдебиеттің бүгінгі бағдары сараланды
Руханият • Бүгін, 08:48
Жанармай нарығы: Баға қалыптастырудың басты тетігі
Баға • Бүгін, 08:45
Өндіріс • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Ғылым • Бүгін, 08:38
Экономика • Бүгін, 08:35
Су қорын бақылайтын заманауи жүйе
Ғылым • Бүгін, 08:33
Электромобиль күдікті ойды сейілте ме?
Сараптама • Бүгін, 08:30
Жауапты ұрпақтың жасампаз қадамы
Жастар • Бүгін, 08:28
Қоғам • Бүгін, 08:23