Жазатайым оқиғалар жиілеп тұр

06.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ертіс-Баян өңірінде өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан болатын кісі өлімі азаймай тұр. Кейінгі үш жылда 20 адам көз жұмған.

Сурет: inbusiness.kz

2023–2025 жылдары өңір кәсіпорындарында 313 жазатайым оқиға тіркелген. Салдарынан 336 адам зардап шеккен. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, өңір кәсіпорындары мен ұйымдарында 2025 жылы 104 жазатайым оқиға тіркеліп, олардың салдарынан 113 адам зардап шеккен. Оның ішінде 66 адам ауыр жарақат алып, 7 адам өлімі тіркелген.

«2024 жылы 103 жазатайым оқиға тіркеліп, 112 адам зардап шеккендігі анықталған. 78 адам ауыр жарақаттанып, 9 адам көз жұмған. Ал 2023 жылы тіркелген 106 жазатайым оқиғадан 111 адам зардап шеккен (оның 65-і ауыр жарақат алған). Төрт оқиға адам өлімімен аяқталған. Зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен – металлургия саласында, бюджеттік ұйымдарда, шағын бизнес субъектілерінде, құрылыс саласында тіркелген. Өндірістік оқиғалардың негізгі себебі – жұмыстың қанағатсыздандырарлық деңгейде ұйымдастырылуы, зардап шегушінің абайсыздығы, еңбек қорғау мен қауіпсіздік талаптарының бұзылуы», дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров.

Жазатайым оқиғаларда ең жиі кезде­сетіні – адамдардың биіктен құлауы, қозғал­малы, көкте қалықтап жүретін, айналмалы заттар мен бөлшектердің әсері. Өткен жылғы статистикалық деректерге үңілсек, кәсіпорындар арасында ең көп жарақаттанған жұмыскерлер «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытына тиесілі – 10 адам. Сондай-ақ «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ филиалы – «Шығыс» кенішінде – 6 адам, «СтеклоМир KZ» ЖШС – 4 адам, «Богатырь Көмір» ЖШС – 5 адам, «Проммашкомплект» ЖШС – 3 адам, «R.W.S. Concrete» ЖШС – 2 адам, «ПЭТК» АҚ – 2 адам, «Смарт Автобус ПВ» ЖШС – 4 адам, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы электр стансасында 2 адам өндірістік жарақат алған. Ал 2025 жылы өлімге әкелген жазатайым оқиғалар «Богатырь Көмір» ЖШС-да тіркеліпті – 2 адам қаза тапқан. Сондай-ақ «Строй-Дизайн PV» ЖШС, «ҚАЖсервис» ЖШС, «Қазхром» ТҰҚ» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты, «МК Евразия-Агро» ЖШС мен «Гамма Сарыкөл» ЖШС-ның әрқайсында кісі өлімімен аяқталған бір жазатайым оқиғадан тіркелген.

Кейінгі жылдары тіркелген ең қайғылы оқиғалардың бірі – 2024 жылдың қаңтар айында Майқайың алтын кенішінде автобуспен құрдымға түсіп қаза тапқан 4 құтқарушының өлімі. Құтқарушылар «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС ПФ мекемесінде еңбек еткен еді.

«Өкінішке қарай, өндірістік жазатайым оқиғалардан зардап шеккен адамдардың жұмыс берушіден келтірілген материалдық зиянды өтеу нормасы еңбек заңнамасында қарастырылмаған. Осы себепті зардап шеккендер азаматтық сотқа өз беттерімен жүгінеді. Ал қылмыстық істер бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының материалдары тергеу­лер аяқталғаннан кейін аумақтық полиция органдарына жолданады», – деп қосты департамент өкілі.

Елімізде 2024–2030 жылдарға арналған «Еңбек қауіпсіздігі» тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл құжат еңбек қауіпсіздігі саласында жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыруға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Мақсаты – өндірістік жарақаттанушылықты төмендету және тиісті мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.

Департамент басшысы өңірде өнді­рістік оқиғалардың алдын алу және кәсіби аурулардың профилактикасы бойынша қабылданатын шаралар аясында 33 кәсіп­орында «Нөлдік жарақаттанушылық – Vision Zero» тұжырымдамасы, 22 еңбек ұйымында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілгенін атап өтті. Бұл кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігін тікелей бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Өңір кәсіпорындарында 881 өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың міндетіне өндірістік жарақаттанушылықты болдырмау және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру кіреді.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью