Жазда қала маңына қатынайтын 3 қосымша пойыз іске қосылады ҚТЖ

30.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" жазғы маусымға қала маңына қатынайтын үш қосымша пойыз іске қосылатынын хабарлады.

"Жазғы маусымда жолаушылар сұранысының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы "Қарағанды – Балқаш", "Семей – Достық" және "Өскемен – Достық" бағыттары бойынша қосымша қала маңы пойыздарын тағайындайды", - деп жазылған хабарламада.

№220/219 "Қарағанды – Балқаш" пойызы

Пойыз 2026 жылдың 1 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Жол бойында 19 аялдама қарастырылған.

Қозғалыс кестесі:

Қарағанды станциясынан жөнелту — 06:00;

Балқаш станциясына келу — 12:48;

Балқаш станциясынан жөнелту — 13:45;

Қарағанды станциясына келу — 20:53.

Пойыз құрамында 6 вагон бар: 2 купе және 4 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 300 орын.

№457/458 "Семей – Достық" пойызы

Пойыз 2026 жылдың 3 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.

Қозғалыс кестесі:

Семей станциясынан жөнелту — 16:04;

Достық станциясына келу — 10:55;

Достық станциясынан жөнелту — 12:35;

Семей станциясына келу — 06:02.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.

№459/460 "Өскемен – Достық" пойызы

Пойыз 2026 жылғы 3 маусымнан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.

Қозғалыс кестесі:

Өскемен станциясынан жөнелту — 15:20;

Достық станциясына келу — 11:05;

Достық станциясынан жөнелту — 12:35;

Өскемен станциясына келу — 07:22.

Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.

Бұл бағыттар өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға және жаз мезгілінде жолаушыларды тасымалдауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, дейді ұлттық тасымалдаушы компанияда.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью