Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: Ашық дереккөз
Жазғы маусымда қосымша 4 вагон-мейрамханалар келесі бағыттарда қызмет көрсетеді:
• №254/253 Астана (Нұрлы жол) – Достық;
• №211/212 Алматы-2 – Достық;
• №207/208 Алматы-2 – Достық;
• №231/232 Алматы-2 – Семей.
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Вагон-мейрамханаларда ересектерге және балаларға да арнайы мәзір қарастырылған. Ас түрлері жолаушылардың сұранысы мен талғамына сай іріктеліп отырады.
«Бұдан бөлек, Тальго пойыздарындағы ToiPass вагон-мейрамханалары арқылы тағамдарды тікелей купеге тапсырыс беру қызметі жұмыс істейді. Ол үшін WhatsApp желісі арқылы +7 771 761 4099 нөміріне хабарлама жіберу немесе жолсерікке жүгіну жеткілікті. Тапсырыстар күн сайын 08:00-ден 24:00-ге дейін қабылданады», делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда компания 51 бағыт бойынша тамақтану қызметін ұсынып отыр.
Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын теміржол арқылы тасымалдау тарифтеріне 70 пайыздық жеңілдік енгізілгені туралы айтылған еді.